«№65 мектеп-гимназия» Пәні: Информатика
Мұғалімі: Сабырхан А.
Менің алғашқы программам
Программалау тілдері дегеніміз не?
Программалау тілдері – жасанды тілдер. Олардың табиғи тілдерден айырмашылығы – мағынасы трансляторға түсінікті болатын әрі жазу командасының қатаң ережесіне бағынатын «сөздері» шектеулі болатынында.
Программа дегеніміз – қандай да бір программалау тілінде жазылған алгоритм, компьютерге түсінікті командалардың жиынтығы.
Команда – компьютер орындауға міндетті әрекеттер.
Scratch – бұл кодты жазу процесін жеңілдететін бағдарламалаудың визуальді тілі. Оны әралуан көңілді және қызықты бағдарламалар жазу үшін қолдануға болады. Scratch – бұл бағдарламалау бастамасының өте жақсы әдісі.
Scratch арқылы ең алғашқы бағдарлама жазу тәжірибесін жасай аламыз. «Циклдің» не екенін түсінуге оңай тапсырмалар бар, әртүрлі циклдік операторлар бар. Солардың көмегімен интерактивті түрде үйрететін кішігірім бағдарлама жазуға болады.
Scratch бағдарламалау ортасының атауы ерекше, осы бағдарламаның эмблемасы – кішкентай Scratch (орысша-царапка, қазақша- тырнауыш) деп аталатын мысықтың баласы.
Scratch программасының жұмыс ортасы Мәзір жолағы
Скриптілерді таңдау блогы
Нысанды орындайтын әрекеттер қатары
Ортаның тілін ауыстыру
Скриптілер жолағының бас кейіпкері
Скрипт
Негізгі жұмыс алаңы
Скриптілер обылысы
Тарихы:
Тарихы:
Scratch - мультимедиалық жүйе. Тілдің операторларының көп бөлігі анимациялық және бейне эффектілер құруға, дыбыс пен графикамен жұмыс жасауға бағытталған. Ол бас кезінде 8-16 жас аралығындағы оқушылар үшін ойластырылған болатын, бірақ қазіргі таңда программалау ортасы әртүрлі жас аралығындағы пайдаланушылар үшін қолжетімді әрі қызықты. Жобадағы кейіпкерлердің суретін салу, оны қозғалысқа келтіру, дыбыс қосу тіпті кішкентай бүлдіршіндер мен ата-аналардың өзін еліктірері сөзсіз. Көптеген жоғары оқу орындарының студенттері Scratch программалау ортасын компьютерлік сыныптарда қандай да бір объектінің моделін жасау барысында дәрісте қолдану үстінде.
Лего және Scratch ұқсастығы
Лего және Scratch ұқсастығы
Программаның жасалуын тереңірек ұғындыру үшін қазіргі өмірден мысал келтірген жөн. Оған айқын мысал ретінде әр түрлі кубиктерден фигуралар мен конструкциялар жиналатын Лего конструкторын алуға болады. Кубиктерді дұрыс қиюластырмаса қажетті фигура немесе конструкциямызды ала алмаймыз. Сол сияқты Scratch программалау ортасында да программаның алгоритмі дұрыс құралмаса қажетті анимациялық эффектіге қол жеткізе алмаймыз. Айта кететіні Лего конструкторын құру барысында фигуралар жоғары қарай көтеріліп өссе, ал Scratch-те скриптілер жинау арқылы төмен түседі.
Сергіту сәті
1- тапсырма.
грамм
2 – тапсырма. Алгоритмді ұсыну түрлеріне мысал келтіру.
3 – тапсырма. Лего және Скретч тілдерін салыстыру.
Лего конструкторы
Scratch программасы
Үй тапсырмасы: 21. Scratch ойын программалау ортасы
Назарларыңызға рахмет