Проприорецепторлар мен ноцирецепторларға және олардың түрлеріне анықтама беріңіз, мысал келтіріңіз


Экспирация және инспирация процесстерін айқындаңыз



бет15/27
Дата15.06.2023
өлшемі67,94 Kb.
#178862
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27
Байланысты:
3 деңгейдегі ОФД

335 Экспирация және инспирация процесстерін айқындаңыз
Тынысалу деп мүшелер мен қоршаған ортаның арасындағы газ алмасуды айтады. Жер бетіндегі тіршілік ететін тірі ағзалардың барлығы тынысалу кезінде оттекті қабылдап, көмірқышқыл газын бөледі. Ағзаның әрбір жасушасының жұмысы (бұлшықеттердің жиырылуы, тердің, сілекейдің бөлінуі, қозудың берілуі) энергияны жұмсаумен байланысты. Тынысалу тірі ағзаларға тән қасиет.Мұрын қуысының (кеңсіріктің) құрылысы. Ауа танау тесіктері арқылы кеңсірікке барады. Кеңсірікті сүйекті-шеміршекті перде оң және сол жақ жартыға бөліп тұрады. Кеңсіріктің қабырғаларын эпителий ұлпасынан түзілген кірпікшелері мен түктері бар кілегейлі қабықша қаптайды. Онда көптеген ұсақ бездер болады. Безді жасушалардан бөлінген шырыш шаң мен тозаңдарды ұстап қалады. Әрі ауа ылғалданады. Кілегейлі қабықша қантамырларына бай. Мұрын қуысындағы ұсақ көптеген қантамырлардың әсерінен ауа біршама жылынып ары қарай өтеді. Қан жасушалары – лейкоциттер мұрын қуысына енген микробтарды жояды.Сыртқы тыныс алу көкірек қуысы көлемінің өзгеруі арқасында жүзеге асады. Өкпе оның соңынан дем алғанда кеңейіп (инспирация) және дем шығарғанда (экспирация) тарылып пассивті түрде ілесіп отырады. Экспирация ауаны сыртқа шығару және сөйлеу дыбыстарын жасаудың негізгі шарты ретіндегі тыныс алу қозғалысымен сипатталады. Ол түрлі дыбыстарда түрліше жүзеге асырылады. Егер дыбыстарды экспирация күшінің келуі бойынша орналастыратын болсақ онда олар мынадай ретпен орналасар еді: қатаң дауыссыздар – ұяң дауыссыздар – үнді дыбыстар –дауыстылар. Негізгі инспирация еттерінің жиырылуы нәтижесінде көкірек қуысының көлемі фронталдық, сагиталдық және вертикал бағытта ұлғаяды. Осылайша, дем алу – белсенді үрдіс. Жай дем шығару пассивті жүреді, инспирация еттері босаңсиды, көкірек қуысы тарылады. Белсенді дем шығаруғаЖай дем шығару пассивті жүреді, инспирация еттері босаңсиды, көкірек қуысы тарылады. Белсенді дем шығаруға экспирация еттері қатысады: 1. Құрсақ еттері (ішкі және сыртқы қиғаш, тік және көлденең құрсақ еттері). 2. Ішкі қабырға аралық еттер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет