3313 Тікелей және тікелей емес сіңетін тағам компоненттерінің ағзадағы биохимиялық үрдістері, әрқайсысының ағзаның дамуына үлесін талдап жазыңыз.
3314 Бүйректегі зәрдің бөліну процессін деңгейімен талдаңыз. Энурез бен қартаю кезіндегі зәр шығару жүйесінде болатын өзгерістерді сипаттаңыз Бүйрек — Зәр түзе отырып, қаннан шығатын бөлінділерді сүзетін, арқа жотадан төмен орналасқан, асбұршаққа ұқсас үлкен мүше. Оның жоғары полюсінде эндокрин бездері -қыртысты және ми қабатынан тұратын бүйрек асты бездері орналасқан.Адам бүйрегінің салмағы - 150 г. Бүйрек ұлпасы сыртқы қоңырқай түсті қыртысты қабаттан және ішкі бозғылт түсті ми затынан тұрады.Ми затында ұштары бүйрек астауына бағытталған пирамидалар орналасқан.Бүйректің ішіндегі қуыс бүйрек астауы деп аталады.Бүйректе түзілген несеп жинағыш түтікшелер арқылы астауға келіп, одан зәрағар бойымен қуыққа жиналып,зәр шығару өзегі арқылы сыртқа шығады. Бүйректің ерекшелігі қанмен жақсы қамтамасыз етілуі: бүйрек арқылы тәулігіне 1500-1700 л қан ағады.Бұл дегеніміз - әрбір 5 минут сайын қан тамырлары арқылы айналатын барлық қан бүйрек арқылы өтеді деген сөз.Осы кезде организм ұлпаларында үнемі түзілетін, тіршілік әрекетінің зиянды заттары қаннан бөлінеді.
Функциясы
Экскреторлық
Осморегуляция
Ионорегуляция
Эндокриндық
Метаболизм
Бүйрек — адам мен омыртқалы жануарлар организмінде несеп түзетін және оны шығаратын жұп орган. Ересек адамда әрбір бүйректің салмағы 120—200 г-дай, ұзындығы 10—12 см, ені 5—6 см, қалыңд. 3—4 см-дей болады. Бүйрек іш қуысында, омыртқа бағанасының екі жағында — соңғы кеуде омыртқасы және жоғ. бел омыртқа тұсында орналасады. Бүйректің ішкі жиегінде бүйрек қақпасы бар, сол арқылы бүйрекке артерия мен жүйке талшықтары өтеді. Қақпа бүйректің ішіне тереңдеп еніп, көлемді қуыс — бүйрек қойнауына айналады. Онда кіші, үлкен бүйрек тостағаншалары және бүйрек түбегі, қан тамырлары, жүйке талшықтары орналасады. Бүйректі майлы шандыр қабаты жауып жатады. Бүйрек беткейі қыртыс заттан, терең қабаттары — милы заттан тұрады. Қыртыс зат тұтас болып келеді, ал милы зат пирамида тәрізді 10 — 15 үшбұрышты денелерден құралған. Бүйректің анатомиялық құрылым бірлігі нефрон деп аталады. Олардың саны 1 млн-дай. Нефрон әр түрлі бүйрек өзекшелерінен түзіледі. Нефрон өзекшелерінің екі бүйректегі жалпы ұзындығы 100 км шамасында болады. Нефрон арқылы зат алмасу процесінде пайда болатын организмге қажетсіз және зиянды заттар сыртқа шығарылады. Пирамиданың бүйрек қойнауына ашылатын ұшы бүйрек бүртігін құрайды. Осы бүртіктегі түтіктер арқылы несеп бүйрек қойнауындағы 8 — 9 кіші бүйрек тостағаншаларына құйылады. Екі-үш кіші бүйрек тостағаншалары өзара қосылып, үлкен бүйрек тостағаншаларын түзеді. Олар өзара бірігіп, бүйрек түбегін құрайды. Осы бүйрек түбегі біртіндеп жіңішкеріп, бүйрек қақпасы тұсында несепағарға жалғасып, қуыққа жиналған несеп сыртқа шығарылады. Бүйрек түбегінің қабырғасы суды, тұзды, көмірсуларын өткізеді де, қандағы ақуызды өткізбейді. Несепке белоктың араласуы бүйректің ауруға шалдыққаны. Организмдегі барлық қан бүйрек арқылы сүзіліп, тазарады.
Бүйректен тәулігіне 1700-1800 л астам қан ағып өтеді. Бүйректе зәрдің түзілуі, оның қанмен ерекше қамтамасыз етілуіне тікелей байланысты болады. Бүйректе зәрдің түзілуі 2 кезеңнен тұрады: сүзілу (фильтрация), және қайта сіңірілу (реабсорбция). Латынша «абсорбция» - сүзілу, «ре» - косымша кері қайту деген ұғымдарды білдіреді.
Зәр түзілудің сүзілу кезеңінде бүйректің қыртысты затында орналаскан бүйрек денешігіндегі қылтамыр шумағындағы қаннан зәр бөлінеді. Мұны бірінші реттік зәр түзілу деп атайды. Бірінші рет түзілген зәрдің мөлшері өте көп болады. Бүйректен ағып өтетін әрбір 10 л қаннан 1 л бірінші реттік зәр түзіледі. Бірінші реттік зәрдің құрамы қан сарысуына ұқсас, бірақ онда нәруыздар болмайды. Бірінші рет түзілген зәрдің құрамындағы судың көп мөлшері қайтадан канға өтеді. Сонымен бірге ағзаға қажетті қант, аминқышкылдары, натрий, калий иондары, су және басқа заттар да қайтадан қанға сіңіріледі. Судың және басқа заттардың қайтадан қанға сіңірілуі нәтижесінде тәулігіне шамамен 1,5 л екінші реттік зәр түзіледі.
Бүйректе зәрдің сыртқа шығарылуы өсімді жүйке жүйесі арқылы (жұлынның сегізкөз бөліміндегі орталық) реттеледі. Сонымен бірге бүйректің кызметін реттеуге аралық мидан (гипоталамустан) түзіліп, гипофиздың артқы бөлімінен бөлінетін вазопрессин гормоны да қатысады. Зәрдің бөліну мөлшері әсер ететін заттарға (тағамға) және орта жағдайына да байланысты. Суық күндері суды көп ішіп, құрамында нәруызы көп тағамдарды пайдаланғанда зәр көп бөлінеді. Ауаның, температураның жоғарылауы, құрғақ тамақ зәр бөлінуін азайтады. Зәр несепағармен қуыққа толып, одан зәршығару өзегі (үрпі жолы) арқылы сыртқа шығарылады. Шыжың, түнгі энурез – ұйықтап жатқан кезде балалардың кіші дәретін ұстай алмауы. Шыжыңның түрі де, себептері де көп. Бұл ауру, негізінен, қуықтың әрекетін басқаратын орта жүйке жүйесі бөліктері қызметінің уақытша бұзылуынан (әдетте әлсіз, әсершіл, күйгелек, жасқаншақ, көңілі алаң балаларда) болады. Сондай-ақ зәр жолдары мен зәр шығаруды басқаруға қатысатын жұлын бөліктерінің дұрыс дамымауы, зәр шығару жолдарының қабынуы, тағы басқа аурулардың өршуіне әсер етеді. Шыжыңның 2 түрі ажыратылады. Нағыз шыжыңнан организм арықтаса, менингит ауруына шалдықса, тағы басқа аурулардың салдарынан дамиды. Аурудың бұл түрінде зәрдің біраз мөлшері әлсін-әлсін еріксіз бөлініп, ал қалған бөлігі кіші дәретке отыру кезінде шығады. Шыжыңның күндіз байқалмай, тек түнде болатын түрі бар. Бұл түрі 5 – 15 жастағы балалардың арасында жиі кездеседі. Шыжыңның жалған түрі қуықтың несеп түтігінің операциядан, ісік не жара пайда болуынан, тесілуінен, тағы басқа болады. Шыжың баланы ұрыспай, қорқытпай түнде бір мезгілде оятып, дәретке отырғызу керек. Егер бала ұйықтап жатып кіші дәретке отырып қойған жағдайда оны жазғырып, жаза қолданудың қажеті жоқ. Бұл балаға керісінше әсер етеді. Шыжың түріне қарай ем қолданылады. Шыжыңды емдеу үшін оның туындау себептерін анықтау қажет Себептері Кішкентай балаларда зәр шығару омыртқаның орталығы арқылы реттеледі және еріксіз жүзеге асырылады. Бала 2-5 жасқа толғанда, зәр шығару орталықтары миында пайда болады. Әдетте, осы жаста церебральды және жұлын орталықтарының өзара әрекеттестігі біртіндеп орнатылады, содан кейін зәр шығару толығымен бақыланады. Егер орталықтар арасындағы қалыпты қатынас болмаса, мочевинаның тонусын бұзады және негізгі энурез дамиды.
Энурезге мұрагерлік жолмен тарайтыны расталды. Егер ата-аналар энюрез болса, балалардағы зәр шығаруды ұстамау 45% жағдайларда, ал екеуі де 75% жағдайда пайда болады. Ұлдарға тұқым қуалайтын факторлар әсер етеді.