ПСИХИАТРИЯ
40. 40 жастағы әйел өз үйі өртеніп кеткеннен кейін жедел жәрдем көлігімен әкелінген. Одан бері 5 сағат өтсе де әлі қозғалыссыз қалыпта отыр, жанары кеңістікке қадалған, айналасында болып жатқан жайттарға қатыспайды, қойған сұрақтарға жауап қатпайды. Бет-әлпетінде қайғыру пішіні бар.
1. Негізгі симптом
2. Дәрігердің тактикасы
Реактивті психоз,аффективті шокты реакция,реактивті ступор(психогенді), мелшейген бет әлпет
41. 32 жастағы ер адам, мамандығы физик. Ол өзін «мафия аңдып жүргеніне», мафия оның «қарсыласының барлық қарулы армиясын қатардан шығару» мақсатында жасаған «ультрадыбысты» құралын оның «миынан» «әлемдік шығармашылығын» ұрлайды деп сендіреді. Ол туралы «біледі» және олардың өзара «ақылдасып» жатқанын «естиді». Оны «өшіру» үшін «олар маған радио сәулемен әсер етеді» және «менің миымнан информацияларды көшіріп алуға әрекеттенеді. Олардың басыма кіріп, бірнәрселерді іздеп жатқанын сеземін. Мені өз өнер шығармамды беруге мәжбүрлейді» дейді.
Психикалык автоматизм синдромы,Ойлау бұзылысы, Параноидты синдром,Кандинский Клерамбо псих,автоматизм синдромы;Әсер ету сандырағы,психикалык автоматизм,сонын ішінде идеаторлы автоматизм,ойын басқа біреулер басқарды,басына бөтен ой салады, ойын оқып,тартып алады,мәжбүрлейді,сенсорлы,моторлы,
Емі:нейролептик трифтазин
42. Ер адам 37 жаста, соматикалық ауруы бойынша2-ші топ мүгедегі. Соңғы жылдары физикалық денсаулығы әлсіреген, тітіркенгіш, өз өміріне күдіктеніп, үрейленеді. Құқық бұзушылық күнінде 30-жасар әйелі, онымен ажырасатынын, өйткені өзге адамды жақсы көретінінін айтады. Осыған реакция ретінде науқас дірілдеп, әйелін мүсінмен ұра бастағанын бұлыңғыр есіне алады. «ары қарай барлығы басымда күңгірттеніп кетті, есімде жоқ». Шамамен таңғы 6-да диванда жатқан жерінен оянды. Жанында еденде қан-жоса мүсін жатты.
Патологиялык аффект(эмоция бұзылысына жатады),кенет басталып кенет аякталады, толык амнезия,жагдайга жауап ретінде дамиды,
Емі: нейролептик аминазин (антипсихотикалык эффект)
43. Науқас, 36 жаста. Анамнезінен: екі жыл 12-елі ішек ойық жара ауруымен ауырады, осы ауруына байланысты 2-ші топ мүгедегі. Мінез-құлқы үрейшіл, тұйық. Клиникалық, лабораториялық және рентгенологиялық зерттеулер соматикалық аурудың өршуін көрсетті. Әңгімелесу кезінде бағдары дұрыс, контакт шектелген: жай дауыспен, бірмәнді жауап береді. Асқазанның ауыр ауруымен ауырамын, ол жазылмайды деп есептейді. Көңіл-күйі жабырқаулы, тамақтан бас тартады, бөлімшеде ешкіммен араласпайды. Суицидальді ойлар айтады. Критика жоқ.
Депрессивті ипохондриялык сандырак,гипотимия,ойлау жылдамдығынын төмендеуі,қимыл қозгалыстын шектелуі,дауысы жок дерттін бар екендігіне сенімділік,гипобулия,суицидальді ойлар(депрессивті)
Емі: нейролептик,антидепрессант
44. 42 жастағы әйел, сауыншы. 5 жылдан бері бруцеллезбен науқастанған. Бас ауыруына, әлсіздікке, температураның жоғарылауына, бүкіл деенсіндегі сырқыраған ауру сезіміне шағымданады. Қарау кезінде тері жабындысы бозарған, перифериялық лимфа түйіндерінің барлық топтарының аздап ұлғаюы, бауыр, көкбауыр ұлғаюы, ірі буындар аймағындағы ауру сезімі. Көңіл-күйі төмен, әлсіреген. Бөлменің тереңінен оны өлтіремін деп қауіп төндірген әйел дауысын «естиді». “Дауыс” шынайы адамның дауысы тәрізді естіледі.
Интоксикациялык психоз,шынайы есту галлюцинациясы
45. 19 жастағы қыз бала күйеуімен жанжалдасқаннан кейін, туыстарының көз алдында диванга құлады, көздері айналды, артынан қолдарында тоникалық тырысулар пайда болды, олар 5 минутқа созылып, ірі сілтемелі клоникалық тілін тістеусіз тырысуларға ауысты. Еріксіз зәр жіберу бақыланған жоқ. Ұстама кезінде қарашықтың жарыққа реакциясы сақталған. Ұстама кезінде ол ыңырсыды, конфликтті ситуацияны бейнелейтін жеке сөздерді қайталады. Ұстама 30 минутқа созылды.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы аса мүмкін?
Истериялык синдром; жүріс тұрыс театральдігі, жасандылык,эгоцентризм,өзіне деген аяушылык сезімін шақыру,қатал жағдайларға көнбеушілік,социальды дезадаптация,басқа адамдармен жеңіл танысады,көпшіл,
Емі:седативті препарат, эффект плацебо,психотерапия,нейролептик аминазин,жұмсақ неулептил
46. 30 жастағы ер адам, бас-ми жарақатына байланысты емделіп жатыр. Госпитализацияның үшінші күнінде психикалық жағдайы өзгерді. Үрейшіл, мазасыз, ұйқысы бұзылды. Қоршаған ортаны қате қабылдайды, персоналдарға, емдік процедураларға күдікпен қарады. Артынан уақыт бойынша, қоршаған ортада болып жатқан оқиғаларды бағдарлау бұзылды. Үйімде жатырмын деп есептейді, қозған, мазасыз, тоқтамастан бір нәрсені іздейді, ауадан қармайды, өзінен дәкені алып тастауға тырысады, дәке астында ақша бар дейді. Бөлімшеден қашуға тырысады. Жолдастарының дауыстарын естиді.
Делириозды синдром,Интокцикация әсерінен дамыған,делирий сананың жедел кунгірттенуі,уақыт,орын,кеңістік бойынша бағдар бұзылған,кешкі уакытта күшейеді,сахна тәрізді галлюцинациялар,бірінші саты:гиперстезия,көңіл куй өзгеріс(қорқыныш,үрей),екінші саты:көрген түс пен шыншыл өмірді ажырата алмау,үшінші саты:шындык өмір толык галлюцинация,сандыракпен алмасады,3сатыдан кейін мусситирлеуші делирий дамиды(тосектік қозу)Проф делирий,
Емі:дезинток терапия(тиол преп,гипертон ертін,изотониялык ерітін),антипсихотикалык(транквилизатор седуксен)
47. 23 жастағы студент жүріс-тұрысында оғаштық бақылана бастады. Баяу қимылдайтын болған, созып сөйлейді. Күн бойында бірнеше рет бірнеше секундқа мелшиіп қалады, осындай жағдайда ешнәрсені естімейді, сұрақтарға жауап бермейді. Науқастың өзі бұл бұзылыстарды байқамайды және есінде қалмайды.
эпилепсиянын кіші ұстамасы(абсанс),эпилепсия-пароксизмалды бұзылыстармен,психикалык үрдістін торпидтілігіне және типті мнестикоинтелектуальді ақыл кемдігінің дамуына тенденция мен тұлғанын өзіне тән көріністерімен көрінетін созылмалы үдемелі психикалык ауру,кіші ұстама-кенеттен қысқа уакытқа сана өшуі,тырысусыз ұстама, наукас құламайды,бірнеше секундка созылады,толығымен амнезияланады,
Емі:ЭЭГ,антиконвульсанттар,транквилизаторлар
Достарыңызбен бөлісу: |