~ 175 ~
дәрілер мӛлшерін ӛзгертеді (зигзагтар әдісі) және т.б. әдістер қолданылады.
Ем тиімділігін жоғарылатып, резистенділікті жою ҥшін соңғы кезде
пиротерапия мен шок әдістері (әсіресе электро тырысулық терапия) кеңінен
тағайындалуда, оларды қолдану психотропты дәрілерді қолдану жоғарылау
кезеңінде шектелген болатын.
Ем әсеріне қанағаттанбау терапияның зияндылығы жӛнінде ой
туғызады. Белсенділігі жоғары психотропты дәрілер айқынырақ жанама
әсерлер мен асқынулар шақырады деген заңдылық бар. Бҧл ҥнемі мінсіз
психотропты зат іздеуге итермелейді, ал ол зат мынадай талаптарға сәкес
келуі керек: айтарлықтай әсер ету кҥші, ҧзақтығы және психикаға таңдамалы
әсері, қолдануға қолайлы, науқастың соматикалық, жалпы жағдайын
нашарлатпауы керек, науқастың емделуі кезеңінде әлеуметтік ортада
бейімделуіне кедергі келтірмеуі тиіс.
Созылмалы аурулармен ауыратын науқастардың наризалығын емге
психологиялық тәуелділік және кӛп жылдар бойы кҥн сайын кӛп мӛлшерде
дәрі қабылдау қажеттілігі туындатады. Соңғы мәселені пролонгирленген әсер
кӛрсететін препараттарға кӛшу арқылы шешуге болады. Мәселен, модитен-
депо (фтор-феназин-деканоат) атты нейролептикалық препарат иъекциядан
кейін 2-4 апта ӛзінің антипсихотикалық әсерін береді. Тек дәрігер ғана емес,
науқас та ем тиімді болуы ҥшін табандылық танытып, кӛп еңбек етуі керек.
Бҧл табандылық ҥдемелі ағымдағы психикалық ауруларды белсенді емдеу
барысында оның тек жасырын қолайлы тенденцияларын (мысалы,
ремиттирлеуші
ағымға
бейімділікті)
ғана
емес,
қолайлы
емес
тенденцияларының алдын-алуға мҥмкіндік береді. Шизофренияның ҥздіксіз-
ҥдемелі ағымымен науқастардың терапиялық ремиссияға ауысқан
жағдайлары, ем әсерінен ақаулы кҥйлердегі симптоматиканың кері дамуы,
қатерлі формалардың психопатологиялық ӛнімдерінің қатерсіз (мысалы,
гебефренді қозудың маниакальды тәрізді қозуға кӛшуі) тҥрге ауысуы сияқты
жағдайлар жиі кездеседі. Психофармокологиялық терапия қанша қарапайым
болып кӛрінгенімен белсенді шокты терапиямен салыстырғанда аса
индивидуальды тәсілді талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: