~ 238 ~
Нақ алкогольге қарсы дәрілік терапия, оған жиіркеніш сезімін
тудыруға, ағзаның оған сеңсибилизациялануына бағытталған. Алкогольге
жиіркеніш сезімін шартты рефлекс туындату тәсілімен шақырады. Жиі
апоморфинотерапия әдісімен алкогольге деген жҥрек айну - қҧсу реакциясын
туғызады. Науқастың тері астына қҧсу шақырғанға дейін 0,2 ден 1,5 мл-ге
дейін 1 %-дық апоморфин ерітіндісін енгізеді (мӛлшерін кҥн сайын 0,1 мл-ге
кӛбейтіп отырады). Қҧсуға жақындағанда науқасқа 50 мл алкогольді ішімдік
береді. Ем алкогольге шарттырефлекторлы қҧсу реакциясы берік
қалыптасқанға дейін созылады.
Алкогольге ағзаның сенсибилизациялануына антабус (антэтил, тетурам
және т.б.), кальций карбамиді цитраты, метронидазол, фуразолидон және
басқа препараттарды қолдану арқылы қол жеткізіледі. Тетурам - алкогольге
сенсибилизациялайтын аса кең тараған препарат. Оның әсері тетурамның
(антабус) адам ағзасында алкоголь метаболизмінің қалыпты (тотығуын)
ҥрдісін ацетальдегид сатысында ҥзуіне негізделген. Организмде жиналған
ацетальдегидтің токсикалық әсері тетурамалкогольдік реакция пайда
болуына алып келеді: тері жабындысының қызаруы, тыныс пен жҥрек
соғысының жиілеуі, артериалдық қан қысымының тӛмендеуі, ҥрей және
қорқыныш сезімдерінің пайда болуы және т.б.
Антабуспен емдеуге тӛмендегідей қарсы кӛрсеткіштер бар:
полиневриттер, ІІ-ІІІ сатыдағы гипертониялық ауру, ауыр қантамыр
аурулары, бауыр циррозы, жаңа пайда болған және тіндердің ыдырауы
сатысындағы туберкулез, процессуальды психикалық аурулар.
Эфект ҧзаққа созылуы ҥшін антабуспен курсты ем жҥргізіледі, ем
кҥніне 0,25-0,5 г дозадан басталып, емнің 3-5 кҥндерінде антабусты-
алкогольдік сынамалар (30-50мл арақ беріледі) жасалады. Емнің бір курсы 3-
5 ретке дейін сынамадан тҧрады. Кейін науқасты кҥніне 0,5-0,25 г антабус
мӛлгерімен сҥйемелдеуші терапияға ауыстырады.
Алкогольге қарсы емнен кейінгі ремиссия ҧзақтығы туралы
авторлардың арасында ортақ пікір жоқ. Ол әртҥрлі факторларға тәуелді.
Дҧрыс ҧйымдастырылған ем және медико-әлеуметтік бақылау алкоголизм
кезіндегі терапиялық ремиссиялардың мерзімін едәуір ҧзартады.
Достарыңызбен бөлісу: