~ 302 ~
Ауру кӛрінісінде негативті бҧзылыстар басым болған жағдайда
ынталандырушы әсері бар нейролептиктерді қолдану ҧсынылады.
Депрессивті және депрессивті-параноидты кӛріністермен науқастарға
антидепресанттар тағайындау керек. Кҥрделі психопатологиялық синдромдар
кезінде нейролептиктер, антидепресанттар және т.б. препараттардың
комбинациясын қолдануға болады. Инсулинді шокты, электротырысулық
терапия тәрізді дәстҥрлі әдістерді қолдану да жақсы нәтижелер береді.
Инсулинді шокты терапия шизофрениялық ҥрдістің жедел кӛріністерімен
және соматикалық әлсіз науқастарға кӛрсетілген, ал электротырысулық
терапия басқа ем әдістеріне резистентті, және созылмалы депрессиямен
науқастарда қолданылады.
Шизофрениямен науқастарды толыққанды ӛмірге оралту ҥшін кеңес
психиатрлары әлеуметтік-еңбектік реабилитацияға кӛп кӛңіл бӛлді.
Психиатриялық кӛмекті ҧйымдастырудың жалпы жҥйесінде әртҥрлі емдік –
еңбектік және шизофрениямен науқастарға әлеуметтік әсер етудің әртҥрлі
формалары қарастырылған.
Шизофрениямен науқастардың ішінде 50%-ның мҥгедектігі жоқ, және
олар кәдімгі жҧмыс орындарында қызмет істейді. Қалғандары негізінен ІІ,
сирек жағдайда І және ІІІ топ мҥгедектері. ІІІ топ мҥгедектері арнайы
цехтарда жҧмыс істейді, ал ІІ топтағылар психоневрологиялық диспансер
жанынан ашылған емдік – еңбектік шеберханаларда жҧмыс істейді. Науқасқа
еңбек тҥрін таңдауды науқастың психикалық кҥйін және бҧрынғы
мамандығын ескере отырып, дәрігер-психиатр жҥргізеді. Бҧл мҥмкіндік
болмаған жағдайда науқас мамандық білім алып, жаңа жҧмысқа орналаса
алады.
Достарыңызбен бөлісу: