Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет53/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)
2019-Patient-Leaflet russian-PRESS, Brown Monochrome Simple Minimalist Mobile-First Presentation, Обучение в Японии1130183237-166819085CC9B59F79C4889, 5000 7000 English words
 
 
8 тарау 
ПСИХИКАЛЫҚ БҦЗЫЛЫСТАР СИМПТОМДАРЫ 
 
ПСИХИКАЛЫҚ ҤРДІСТЕРДІҢ ҚҦРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БҦЗЫЛЫСЫНЫҢ 
БЕЛГІЛЕРІ ЖӚНІНДЕ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР 
 
Психикалық процестердің кӛмегімен біздің санамызда бізден тыс және 
бізге бағынышсыз обьективті шындық бейнеленеді - қоршаған орта мен 
біздер осы шындықтың бӛлігі болып саналамыз. Психикалық ҥрдіс 
арқасында әлемді танимыз: сезім мҥшелерінің кӛмегімен қабылдау акты 
бойынша заттар мен қҧбылыстарды санамызда бейнелейміз; ойлау ҥрдісі 
арқылы заттар мен қҧбылыстардың арасындағы байланыстарды, нақты 
заңдылықтарды білемі; есте сақтау ҥрдісі арқылы осы ақпараттар бекітіледі, 
одан әрі таным дамуына ықпал етеді. Осылайша қабылдау, ойлау, есте сақтау 
таным үрдістерін
қҧрайды. Сыртқы дҥниеге және ондағы барлық 
ӛзгерістерге біздің кӛзқарасымыз- 
эмоция
психикалық қызметтің бӛлігі 
болып саналады. Психикаға ерікті қҧбылыстар жатады: зейін, тілек, әуестік, 
мимика, пантомимика, адамның жеке және толық іс-әрекеті. Кҥрделі 
психикалық ҥрдістердің қҧрылымдық элементтері және бір мезгілде әлемді 
бейнелеу сатылары да осындай.
Таным динамикасын сипаттайтын осы стадияларда психология 
ғылымында психикалық акт ретінде зерттелген категориялармен сәйкестікті 
табуға болады. Бҧл ең алдымен қоршаған ортаны “шынайы пайымдау” 
немесе танымдық сезім заттар мен қҧбылыстарды жанама немесе сезімдік 
тану, заттар мен қҧбылыстарды тікелей қабылдау; сонымен қатар – 
«абстрактылы ойлау», немесе айналадағыны рационалды тану; ең аяғында, 
адам қызметі, таным дҧрыстығы критериясы ретіндегі «тәжірибе» болып 
табылады. 
Бейнелеудің ең жоғарғы формасы – 
сана
деп аталады.
Сана дегеніміз - адамның психикалық қызметінің арнайы формасы. Ол 
адамдар арасындағы қарым-қатынаспен, адамның әлеуметтік болмысымен 
детерминирленген.


~ 99 ~ 
Психикалық ҥрдістердің даму ерекшеліктері, олардың кҥші, 
қозғалғыштығы, бағыты әрбір адамның биологиялық қасиеті мен социальді 
тәжірибесімен анықталады. Адамдағы биологиялық және социальды 
арақатынас біртҧтас, қайталанбас жеке тҧлға қҧрайды. Тҧлға мінез-қҧлық, 
темперамент, қабілет, ҧстанымдарды сипаттайды. 
Қалыпты жағдайда психикалық дені сау адамның барлық психикалық 
ҥрдістері гармониялы тҥрде байланысты, қоршаған ортаға адекватты және 
айналадағы болып жатқан оқиғаларды дҧрыс бейнелейді. Психикалық 
ауруларда бҧл байланыстылық бҧзылады, жеке психикалық акт зардап шегеді 
немесе патологиялық ҥрдіс психикалық қызметті тҥгел қамтиды. Ӛте ауыр 
психикалық аурулар адамның тҧлғалық қасиетін бҧзады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет