Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет79/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)

Эмоциональдық қатынастар
- эмоциялық таңдамалылық, эмоцияның 
белгілі бір оқиғалармен, адамдармен немесе заттармен тҧрақты байланысы. 
Біз ӛзімізді қандай-да бір заттармен қоршаймыз, тек со, нақты адамдармен 
байланыс жасаймыз, бір нәрсеге талпынамыз және бір нәрседен 
қашқақтаймыз, симпатия және антипатия сезінеміз – осының барлығы 
эмоциональдық 
қатынастарымыздың 
белгісі 
болып 
табылады. 
Эмоциональдық қатынастардың кҥрт ӛзгеру,і мысалы, жақын адамын 
жоғалту дертті кҥйлер – невроздар және реактивті психоздардың 
шақырушысы болуы мҥмкін. 
 
Қозғалыстық және еріктік бҧзылыстар
Ерік - бҧл саналы, мақсатты психикалық белсенділік. Шетел 
психологтары және философ-идеалисттері ерік бостандығы принципін 
жариялай отырып, ерік ҥрдісінің детерминирленбегендігін, оның сыртқы 
жағдайларға, орта әсеріне тәуелсіздігін кӛрсеткісі келді. З.Фрейдтің пікірі 
бойынша адамның жҥріс-тҧрысының мазмҧнын сыртқы тітіркендірулер емес 
әуестіктер анықтайды; әуестік барлық адамда бірдей және бірінші кезектегі, 
қарпайым қажеттіліктерді қанағаттандыруға жағдай жасайды. Осы және 
басқа да ерік бостандығына сҥйенген реакциялық теориялар марксизм-
ленинизм классиктерімен қҧрылды және табиғи ғылым мәліметтерімен 
теріске шығарылды. Адам әрекеттерінің детерминирленбеген сипаты оларды 
болжауды мҥмкінсіз және жауапсыз етеді. 


~ 131 ~ 
«Бостандық табиғат заңдарынан қиялдағы тәуелсіздік арқылы емес, 
осы заңдылықтарды танып-білу нәтижесінде іске асады, және осы білімге 
сҥйеніп табиғат заңын белгілі мақсатқа жетуде қолдану» - деп жазған 
Ф.Энгельс. 
Ерік қызметі ең алдымен қажеттілікпен байланысты, ешқашан одан тыс 
пайда болмайды. Адамның ерік қызметі әрқашан сана қызметіне тәуелді. 
Сана акты, оның мазмҧны мен бағыты адам ӛмір сҥретін нақты әлеуметтік-
тарихи жағдайлармен детерминирленген, және адамның сеніміне, 
кӛзқарастарына, қызығушылықтарына, ойлары мен сезімдеріне тәуелді. 
Еріктік әрекет бір-біріне тікелей байланысты екі фазадан тҧрады: 
1) әрекет етуге және шешім қабылдауға саналы талпыныстың дамуы; 
2) қабылданған шешімді орындау. 
Бірінші фаза
таңдауға қатысты акт – саналы баға беру және таңдау. Бҧл 
фазада қанағаттанбаған қажеттілік (тағамдық, интеллектуальдық және т.б.) 
сәйкес эмоциональдық кҥйзелістер мен ойлар туындатады, қажеттілікті 
қанағаттандыруға талпыныс пайда болады. Талпыныс әуестік немесе тілек 
тҥрінде кӛрініс беруі мҥмкін. 
Әуестік 
– нақты ой және саналы мақсаттармен байланысы жоқ 
талпыныс. 
Тілек
- нақты объектке саналы талпыныс. әуестік ситуацияны 
ҧғыну процесінде тілекке ауысуы мҥмкін. Шешім қабылдау жолында 
тілектер олардың орындалу мҥмкіндігіне қарай, тарзыға салынып 
бағаланады. 
Егер тілектер орындалуына қажетті жағдай жоқ болса, егер олар тҧлға 
ҧстанымдарына қарсы немесе басқа себептерге байланысты орындалмаған 
болса, олар саналы тҥрде басылады. Әрекет етуге шешім таңдауы мотивтер 
кҥресінен ӛтеді. Мотив тілектерді ой сҥзгісінен ӛткізу нәтижесінде пайда 
болады. 
Екінші фаза
– қабылданған шешімді орындау - адамның тәжірибелік 
қызметіне тікелей қатысты. Соңғысы қимыл арқылы іске асады. И.М.Сеченов 
кез-келген психикалық акт, сыртқы тітіркендіргіштерге жауап қимыл арқылы 
іске асатынын кӛрсетті. Қимыл ерікті және еріксіз болуы мҥмкін. Еріксіз 
қозғалыс шартсыз рефлекске сәйкес келеді (мысалы, ыстыққа тигізгенде 
қолды тартып алу); еріксіз қозғалысқа сонымен қатар эмоциямен байланысты 
мимикалық қимылдар, және идеомоторлы қозғалыстар жатады. Ерікті 
қозғалыс негізінде И.П. Павлов анықтағандай шартты рефлекторлық ҥрдіс 
жатыр. Еріктік әрекетті іске асыру ҥшін психикалық функция сақталған 
кҥйде болуы керек. Сӛз, ойлау ыдырауы кезінде еріктік әрекет мҥмкін емес, 
бҧл 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет