~ 165 ~
клиникалық ойлауын жетілдіру бойынша жҧмыстардың маңыздылығы, осы
жҧмыстың жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету қажеттілігі кӛрініп тҧр.
Клиникалық әдіс артықшылығы, инструментальды әдістердің
бағынышты жағдайы психиатрияда диагностиканы субъективизмге кінәлауға
тҥрткі болады. Психиатрияда объективті диогностиканы теріске шығару
психикалық ауруды және психиатрияны ілім ретінде жоққа шығару болып
табылады. Бҧл антипсихиатриялық жағдай бар заңдылықтарды бҧрмалайды,
диагностикадағы субьективті және обьективті арақатынасты қате кӛрсетеді.
Кез-келген адамға тән таным, егер ол әлемді дҧрыс бейнелейтін болса,
обьективті болып табылады. Объективті патологиялық ҥрдісті тану ретінде
диагностика формасы бойынша субьективті (ӛйткені дәрігер санасына
тәуелді),
ал
мазмҧны
бойынша
объективті
болып
табылады.
Диагностикадағы субъективизм жӛнінде жеткіліксіз білім, біржақты ойлау,
эмоциональды немқҧрайлық дәрігердің дҧрыс диагноз қоюына мҥмкіндік
бермеген жағдайды айтамыз. Шынайылықты бҧрмалайтын қате диагностика
әрқашан субъективті. Объективті қиындықтар (науқасты тексеруге қажет
жағдайдың болмауы, дерт кӛрінісінің кҥрделілігі және типті еместігі, осы
ілім саласындағы даму жеткіліксіздігі және т.с.с.) тек қателікке мҥмкіндік
береді. Бҧл мҥмкіндікті іске асыру ҥшін дәрігер тҧлғасына байланысты
субъективті факторлар қажет.
Зерттеу әдістерін субъективті және объективті деп бӛлу дҧрыс емес.
Қҧралдардың, биохимиялық анализдердің кӛрсеткіштерін біз сезім
мҥшелерімізбен қабылдаймыз. Пальпация жасаушы қолдар стетоскоп тәрізді
зерттеу қҧралы болып табылады, б.а. зерттеу қаншалықты «обьективті»
болғанымен субьективті фактор қатысуынсыз болмайды. Сонымен қатар,
инструментальды әдістерді қолдану нәтижелері, егер зерттеу трафарет тәрізді
массалық тәртіпте жҥргізілсе кӛбірек субъективизмге алып келеді.
Инструмент дәрігерді науқастан алшақтатады деген пікір бар.
Дертті зерттеу ҥшін, ауруларды тексеру ҥшін қазіргі уақытта кҥрделі
және жетілдірілген қҧралдар қолданылады, бҧл ғылымның заманауи жоғары
деңгейде дамуына және психикалық аурулардың биологиялық негізінің
ҥдеуіне сәйкес. Шамадан тыс техницизм клиникалық зерттеуден бас тартуға
алып келмегені жӛн. Диагностикада фактілерді анықтау әдістері шексіз
болуы мҥмкін, бірақ тану тәсілі біреу ғана - диалектикалық материализм
әдісі.
Достарыңызбен бөлісу: