Клиникалық кӛріністері
Алкогольді делирий алкоголизммен жылдар бойы зардап шегетін
науқастарда дамиды. Алкогольді делирий алғаш алкоголизмнің ортаңғы
сатысында, ағзадағы зат алмасу ҥрдістері қайта қҧрылып, алкоголь зат
алмасу жҥйесіне қосылғанда пайда болады.
Алкогольді қабылдауды кҥрт тоқтатуға алып келетін ағзаны едәуір
әлсірететін факторлар алкогольді делирий дамуына жиі ықпал етеді. Бҧл
факторларға инфекциялық аурулар, ӛкпе қабынуы, панкреатиттер,
холеститтер, әртҥрлі қуыстық операциялар, бас миының жарақаттық
зақымданулары, іріңді процестер, ӛкпе туберкулезінің ӛршуі жатады.
Алкогольді делирий алкогольмен ҧзақ, ауыр улану басылған соң 1-3
кҥннен кейін туындайды. Ол абстинентті синдромнан тҥнгі және таңертеңгі
уақытқа қарай айқын, ауыр тҥрге тасымалданатын секілді.
Абстинентті синдром кезіндегі соматикалық және неврологиялық
бҧзылыстар делирийдің хабаршысы болып табылады. Вегативті бҧзылыстар
арта тҥседі, тері жабындысының гиперемиясы, гипергидроз, тахикардия
кҥшейеді, артериялық қысым кҥрт тербеліп тҧрады, қысым жиі тӛмендеуге
бейім, тремор, бҧлшықет гипотониясы, гиперрефлексия кҥшейеді, делирий
дебютында эпилептиформды ҧстамалар бақылануы мҥмкін – олар кҥрделі
және абортивті де болуы мҥмкін.
Алкогольді делирийдің ерте пайда болатын белгілерінің бірі
ұйқының
жоғалуы
, содан кейін кӛру және есту иллюзиясы пайда болады, бҧған
алғашында гипногогиялық галлюцинациялар қосылады, қорқыныш кҥшейеді.
Басталып келе жатқан алкогольді делирийді диагностикалау ҥшін
Липман симптомының практикалық маңызы зор: аурудың кӛз алмасының
ҥстінен екі саусақпен басып, оны бір бейнемен, мысалы, оған иттің секіріп
келе жатқан бейнесімен иландырса, ауру сол бейнені қабылдап, қорқыныш
аффектімен жауап береді.
Алкогольді делирийдің клиникалық кӛрінісі дамығанда сахна тәрізді
шынайы кӛру және есту галлюцинациялары пайда болады. Бҧл кезде
науқастың реакциялары эмоциональды қанық, қорқыныш пен ҥрей билейді,
ӛлім жақындап келе жатқандай болады, зейіні аса елітпелі, науқас ӛте сенгіш
келеді. Галлюцинациялар жиі алкогольді немесе кәсіби сюжеттен тҧрады.
~ 242 ~
Науқастың мимикасы жанданған және толығымен галлюцинацияларға сәйкес
келеді. Саныдырақтық идеялар галлюцинаторлы кҥйзелістермен тығыз
байланысты. Сананың делириозды қарауытуы тән: науқастың орын бойынша
бағдары бҧзылған (мысалы, вокзалда тҧрмын, жҧмыста тҧрмын деп айтуы
мҥмкін). Айналасындағыларды қызметтестері деп санайды. Ол сонымен
қатар уақытты да бағдарлай алмайды, аптаның кҥнін дҧрыс атамайды, кейде
айды, жылды шатастырады. Ӛзіндік тҧлғасын бағдарлау сақталады. ӛз
жағдайына сын кӛзқарас болмайды. Галлюцинаторлы бҧзылыстарға сәйкес
науқас қимылдық қозу жағдайында болады, бір жаққа қашуға тырысады,
біреулерден қорқып, қорғанады. Бҧл кезеңде науқас агрессивті болуы мҥмкін
(қорғанады немесе «дҧшпанына», ізіне тҥскендерге қарсы әрекет жасайды),
сондықтан әлеуметтік қауіпті болып саналады.
Психопатологиялық симптоматиканың кері дамуы кезіндегі алғашқы
қолайлы белгілердің бірі науқаста ҧйқының пайда болуы болып табылады
(табиғи немесе препараттармен шақырылған). Ҧзақ ҧйқыдан кейін ауру
психоз жағдайынан шығады.
Психоздан шыққаннан кейін науқас айқын астениялық кҥйге тҥседі.
Содан кейін науқаста психотикалық бҧзылыстарға сын кӛзқарас пайда
болады. Дегенмен ол бірден толық пайда болмайды, ӛткерген психоз
жағдайына науқастар жеңіл қарайды. Алкогольді делирий ҧзақтығы орташа
есеппен 3-4 тәулік, уақытында қолданылған ем ҧзақтығын бірнеше сағатқа
қысқартады.
Алкогольді делирийдің ауыр тҥрінде қимылдық қозу тӛсек деңгейімен
шектеледі, тактильді галлюцинациялар пайда болады, науқас ҥстінен
насекомдарды тҥсіргендей, ауыз қуысынан жіп, шаш алған тәрізді қимылдар
жасайды, былдырлайды. Делириозды жағдай есеңгіреуге, сопорға ауысады,
ақырында кома дамиды, әрі қарай ауру жағдайы ауырлай тҥскенде жҥрек –
қантамырлық жеткіліксіздіктен ӛлім жағдайы орын алады.
Кейде делирий жағдайынан шыққаннан кейін бҧл синдромның
симптоматикасы абортивті тҥрде бірнеше кҥннен кейін қайталанады.
Делириозды
жағдайға
тән
психикалық
бҧзылыстар
айқын
неврологиялық және соматикалық бҧзылыстармен қосарлана жҥреді.
Алкогольді делирийге тән жиі кездесетін
неврологиялық симптомдар
жалпы тремор болып табылады, Ромберг позасында тербеліс байқалады,
сіңірлік рефлекстер кҥшейеді, горизонтальды нистагм болады. Алкогольді
делирийдің ауыр тҥрінде оральды автоматизм, бҧлшықеттер тонусының
бҧзылысы, атаксия пайда болады.
Соматикалық бұзылыстар
тамырлық патология тҥрінде кӛрінеді:
терінің, әсіресе бет терісінің гиперемиясы, склера тамырларының
иньекциясы, тахикардия. Дене қызуды 38-39° С-ге дейін кӛтеріледі
Паренхиматозды мҥшелер (бауырдың, бҥйректің) қызметтерінің
бҧзылыстары анықталады. Алкогольді делирийдің жиі кездесетін
асқынулары пневмония, гепатит, панкреатит болып табылады.
~ 243 ~
Достарыңызбен бөлісу: |