~ 253 ~
Абстинентті синдром
бастапқыда жасаурағыштық, әлсіздік, дене
қалтырауымен сипатталады. Кейін келе (15-20 сағ кейін) тремор,
қарашықтың кеңеюі пайда болады. Науқаста тҧмаурату, тҥшкіру, жӛтелу,
жас ағу, гипергидроз байқалады. Ішек перистальтикасы кҥшейеді. Апиынды
наркомания кезінде абстиненцияның психикалық кӛріністері ҥрей,
мазасыздық, генерализацияланған ауыру сезімі, ауыр ҧйқысыздықпен
сипатталады.
Кешірек (2-3 тәуліктен кейін) аталған бастапқы симптомдардың
кҥшеюі фонында шайнау кезінде бҧлшықеттегі ауыру сезімі, жҥрек соғысы
мен тыныстың жиілеуі, бҧлшық еттердің фибриллярлы дірілдері, қан
қысымының жоғарылауы байқалады. Субъективті тҥрде науқас бҥкіл
денесінде кҥшейіп келе жатқан сырқыраған ауру сезімін, әсіресе буын, бел
және іштің тӛменгі аймақтарында сезінеді.
Бҧл симптомдар наркотик қабылдауды тоқтатқан соң 3 – 4 тәуіліктен
кейін ең жоғарғы айқындылық дәрежесіне жетеді, ӛзін ауыр сезінеді, тәбеті
жоғалады, қҧсу, профузды іш ӛтулер байқалады. 4 – 5-ші тәулікте айтылған
белгілер ақырындап қайта бастайды, бірақ келесі 1 – 2 айлар ішінде
буындарда ауыру сезімі және ҧйқысыздық кезеңмен пайда болуы мҥмкін.
Достарыңызбен бөлісу: