~ 324 ~
Ми атрофиясы, соның iшiнде кәрiлiк ақылкемдігімен науқастарда
психикалық бҧзылыстардың болмысын анықтау ҥшiн олардың миындағы
морфологиялық ӛзгерiстер жӛніндегі мәлiметтер маңызды. Кәрiлiк
ақылкемдігі, атрофиялар кезінде ОЖЖ-де белгiлi бір макро - және
микроскопиялық ӛзгерiстер анықталады. Макроскопиялық зерттеу кезiнде
мидың әртҥрлi бӛлiгінде атрофиялық ӛзгерістер, ми қабықтарының
жабысулары және бҧлыңғырлығы байқалады. Бҧл атрофиялық ӛзгерiстер
компьютерлiк томография және пневмоэнцефалографияда анықталады.
Микроскопиялық зерттеуде ганглиозды жасушалардың дегенерациясы,
майлы қайта тҥзілуі анықталады. Қарттық психозбен науқастар миынан
сенильдi табақшалардың табылуы типті болып саналды, бiрақ мҧндай пікір
толық негізделмеген.
Пик және Альцгеймер аурулары кезіндегі бас миындағы ӛзгерiстер
қарттық ақылкемдігіне ҧқсас келедi. Бiрақ олар локальдылығымен, мидың
белгiлi бiр бӛлiктеріндегі атрофиялық ҥрдістермен ерекшеленедi.
Достарыңызбен бөлісу: