Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет315/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   311   312   313   314   315   316   317   318   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)

Тасымалдауға қарсы кӛрсеткіштер:
ауыр терапиялық, хирургиялық және 
неврологиялық аурулар. 
Тамақтан бас тарту және онымен кҥресу әдістері 
Тамақтан бас тарту себептері:

ауыр астениялық, апато-абулиялық және басқа да жағдайлар кезіндегі 
тағамға тәбеттің тӛмендеуі; 

дене салмағын азайтуға бағытталған аса бағалы идеялар; 

иіс сезу, дәм сезу және есту галлюцинациялары (мысалы, тамақтануға 
тыйым салатын дауыстар); 

уландыру немесе кінәлау сандырақтық идеялары; 

суицидальді тенденциямен депрессиялар; 

ступорлық жағдай; 

ҧзаққа созылған сана бҧзылысы. 
Кҥресу әдістері бас тартудың себептерімен анықталады: 
1.
әуестігінің тӛмендеуі мен аса бағалы идеялар болған жағдайда: 
жҥдеу

ауыздағы ащы дәм, аскорбин қышқылы, ащы тағам, 4-8 Б инсулин, 
уәделесулер, ҥлгі кӛрсету. 
2.
Галлюцинациялар мен сандырақтық идеялар орын алғанда: медицина 
қызметкерлерінің мәжбҥрлеп тамақтандыруы, науқастың ӛзі сенетін 
адамының тамақтандыруы, ҥй тағамымен тамақтандыру. 


~ 430 ~ 
3.
Ступорлық жағдай кезінде: амитал - кофеинді тежелуді басу ҥшін - тері 
астына 20% 1-2 мл кофеин ерітіндісі; 5 минуттан кейін кӛктамырға 
(баяу) 5-10% 5-10 мл амитал - натрий ерітіндісі. Тежелуді басу әсері 15-
30 минутқа созылады. 
4.
Тамақтан толық бас тартқан жағдайда 
3 кҥн сайын
тәулігіне 1 рет зонд 
арқылы жасанды тамақтандыру. 
Депрессиялық жағдайдағы науқастарға кҥтім мен бақылау 
ҧйымдастыру 

Депрессиялық жағдайдағы науқастар психиатриялық стационарда 
емдеуді қажет етеді және міндетті тҥрде ауыстырылуы тиіс. 

Психиатриялық ауруханаға ауыстырылып, тасымалданғанға дейін 
науқасты қатаң бақылауға алу керек, себебі қашып кету және ӛзіне-ӛзі 
қол жҧмсау қаупі болады. 

Стационарда ҥнемі оның жанында асханаға, дәретханаға алып баратын, 
арқан, шеге, шыны сынықтары, шанышқы, қасық жасырып қоймас 
ҥшін тӛсек орны мен киімін тексеретін бақылаушы (пост) болуы керек. 

Дәрілерді ҧнтақ тҥрінде медбикенің бақылауымен қабылдауы қажет 
және одан кейін ауыз қуысын қарау керек. 

Персоналдан таңертеңгі уақытта және таң алдында аса қырағылық 
талап етіледі. 

Бҧл науқастар кҥтіну дағдыларын жоғалтуы мҥмкін (жуынбайды, 
ҧйықтамайды, тәбеті жоғалады, тамақтан бас тартады, іш қатулар 
болады және т.б.), оларға жуынуға, киінуге, ауыз қуысының тазалығын 
сақтауға, ҥлкен дәретін қадағалауға кӛмек қажет. Іш айдайтын заттар 
беру керек: рауғаш, итжҥзім. Егер бҧлар кӛмектеспесе, тазалау 
клизмасын жҥргізеді. Тамақтануын қадағалау қажет. 

Науқастарға жамылғыны басына дейін бҥркеуіне рҧқсат етуге 
болмайды, олар әрқашан персоналдың кӛз алдында болуы керек; қайда 
болса да олардан бір секундқа да кӛз айырмау керек. Егер науқас 
суицидальді әрекетке барған жағдай орын алса, оған шҧғыл кӛмек 
кӛрсету қажет: жіптен шешіп алу, жасанды тыныс алдыруға тырысу, 
қан кетуді тоқтату және т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   311   312   313   314   315   316   317   318   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет