Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет223/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)

 
 
Емі және сараптамасы 
Эпилепсия еміндегі аса маңызды принциптерге мыналар жатады. Ем 
мҥмкіндігінше ауру ҥдеуінің және мида қайтымсыз органикалық 
ӛзгерiстердің пайда болуының алдын-алу ҥшін ерте басталуы қажет. Емдi 
ҥздiксiз және ҧзақ жҥргiзу керек, ӛйткені тырысуға қарсы дәрiлiк заттарды 
қабылдау тоқтатылғанда немесе тәулiктiк дозасы кҥрт тӛмендетілгенде 
тырысулық дайындық жоғарылайды және пароксизмдер жиілеуі, ҧстамалар 
сериясының және эпилептикалық кҥй дамуына дейінгі асқынуларға әкеп 
соғуы мҥмкін. Ем кешенді, дертті ҥрдістің әртҥрлі патогенетикалық 
звеноларына бағытталған болуы қажет. Терапия аса индивидуальды, әртҥрлi 
симптомдарға, әр науқастағы ҧстамалар жиiлiгiне, емдiк препараттарды 
кӛтеруiне байланысты жҥргізілуі керек. Әртҥрлi қосымша патогендi 
факторлардың пайда болуы мен әсерiнiң алдын-алу терапияның басты 
принципі болып табылады. 
Эпилепсияны емдеуде әртҥрлi тәсiлдер қолданылады, оларды кешенді 
қолданған дҧрыс. Олардың iшiнде ең маңыздысы дәрiлiк терапия
диетоперапия, психотерапия, еңбек терапиясы болып табылады. Тырысулық 
дайындық жоғарылауын ескертетiн және науқас ӛмірі мен денсаулығы ҥшін 
қауіпті ситуациялардың пайда болуын мҥмкін емес ететін ӛмір жағдайын 
қамтамасыз ету қажет.
Дәрiлiк терапия антипароксизмальды заттарды тағайындаудан тҧрады. 
Кӛптеген эпилепсияға қарсы препараттарды ҥлкен тырысулық ҧстамалар 
кезінде және оның эквиваленттерінде қолданылатын, және кіші ҧстамалар 


~ 332 ~ 
және 
олардың эквиваленттерінде 
қолданылатын 
препараттар 
деп 
дифференцациялауға болады.
Ҥлкен тырысулық ҧстама емінің ең ертеден келе жатқан тҥрі 
фенобарбиталмен (люминал) емдеу болып табылады. Бҧл препарат жеке 
тағайындалады 
(тәулiгiне 
0,1-ден 
0,3-0,4г 
дейiн) 
немесе 
басқа 
препараттармен қосып беруге болады (кофеин, бром және т.б.).
Ҥлкен тырысулық ҧстамалармен науқастарды емдеуге гексамидин 
(тәулiгiне 1,5-1,75г дейiн), бензонал (тәулiгiне 1г дейiн), дифенин (тәулiгiне 
0,7-0,8г дейiн), финлепсин (тәулiгiне 1г дейiн) препараттары кеңiнен 
қолданылады. Сонымен қатар әртҥрлі препараттардың комбинациясын 
қолданады. 
Эпилепсиялық ҧстамалар эквиваленттерінің терапиясы ҥшін триметин 
(тәулігіне 1,2 г дейін), этосуксимид (тәулiгiне 2г дейiн) және тағы басқа 
дәрiлiк заттар қолданылады.
Эпилепсиямен науқастардың ҧзақ, ҥздіксіз терапиясы кезінде 
дегидратациялық 
терапия 
(әсiресе 
В 
тобының 
витаминдері), 
витаминотерапия тағайындалады. Науқастың қабылдайтын сҧйықтық 
мӛлшері тәулiгiне 1,5-2 литрге дейін шектеледі, ас тҧзын қабылдау 
шектеледі, ащы, ӛткір тағамдар қабылдауға тиым салынады (бҧрыш, қыша 
және т.б.). Сҥт ӛсiмдiк диетасын тағайындау қажет.
Эпилепсиямен науқастардың психотерапиясы оларды ӛмiрге бейімдеуге, 
ауру дамуының тоқтауына және симптоматикасының регрессіне ықпал ететін 
барлық жағдайды жасауға бағытталған. Эпилепсияның әрқилы болып келетін 
клиникалық кӛрiнiсiндегі невроз және психопатия тәрiздi бҧзылыстарды 
ескере отырып тҧрақты рациональды психотерапия жҥргізу жақсы нәтиже 
береді. Тынығу орта климаттық белдiкте ҧсынылады.
Эпилептикалық күйді тоқтату.
Эпилепсиялық статус
дегенiмiз 
тырысулық ҧстамалар бiрiнен соң бiрi жалғасып, олардың аралығында науқас 
санасы қалпына келмей коматозды кҥйде қалу жағдайы. Бҧл адам ӛмiрi ҥшiн 
қауiптi, жиі ӛкпе, ми iсiнуі және науқас ӛлiміне алып келетін тыныс алу, 
жҥрек-қантамыр 
қызметінің 
бҧзылысы 
бақыланады. 
Сондықтан 
эпилепсиялық статуспен науқастың емі, ереже бойынша, реанимациялық 
бӛлiмшеде жҥргізіледі және ҧстамаларды тоқтатуға және ағзаның ӛмiрлiк 
маңызды мҥшелерінің функцияларын сҥйемелдеуге бағытталған.
Ҥлкен тырысулық ҧстаманы тоқтату ҥшiн тәулігіне 30 мг дейiн седуксен 
(бҧлшық етке және кӛк тамырға), 2-4 мл-ге дейiн хлоралгидрат ерiтiндiсi 
(клизма тҥрінде) қолданылады. Бас iшiлiк қысымды тӛмендету ҥшiн 
жҧлындық пункция жасап, 20-30 мл жҧлын сҧйықтығы алынады. Кей 
жағдайда басқарылып отыратын наркоз қолданылады. Ми iсiнуін қайтару 
ҥшiн дегидратациялық ем жҥргiзiледi (лазикс, новурит, магний сульфаты).
Науқастың дерті мен жеке тҧлғасының ерекшелiктерін, мамандығын 
ескере отырып еңбекке орналастыру аса маңызды болып табылады. 
Транспортта, 
қозғалғыш 
механизмдермен 
жҧмыс, 
жоғары 
ауа 


~ 333 ~ 
температурасында, суда, отта және ӛкпенiң жоғары вентиляциясы бар 
жерлерде еңбек етуге тиым салынады.
Еңбектік, әскери сараптама ауру фактын және оның кӛріністерін 
анықтауға негiзделген. Ҧстамалардың жиiлігіне, олардың сипатына, және де 
деменцияның айқындылық дәрежесіне байланысты науқастар еңбекке 
жарамды болып танылып, ал кейде сырттан кҥтім мен бақылауды қажет етуі 
мҥмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет