~ 12 ~
мҥліктік келісім-шарттарға қатысты. Соттың шешімі бойынша осы адамдарға
қорғаншы тағайындалады және оның келісімінсіз олар мҥліктік келісім-
шарттар жасай алмайды. Алкогольді немесе наркотиктерді шектен тыс
қолдануды толық қойғаннан кейін олар сот арқылы ӛздерінің қҧқығын
қалпына келтіреді. Науқастың таңдаулы қҧқығын қолдану жағдайы және бала
тәрбиелеу мҥмкіндігін қарастыру кезінде оның қабілеттілігін бағалау,
олардың нақты психикалық дертін және оның болжамын есепке ала отырып
жҥргізіледі. Бҧл жерде айтып кететін жағдай ата-анасының қабілетсіз болып
табылуы оларды сол мезетте ата-аналық қҧқығынан айырмайды. Олар
қартайған кезде балаларының кӛмегіне қҧқығын сақтайды. Қабілетсіздік пен
есі дҧрыс еместік тҥсініктерін салыстырғанда ҧқсастық та, айырмашылық та
бар. Кейбір жағдайларда ауру келісім-шарт жасағанда қабілетсіз болып
табылады, мысалы, ӛз мҥлкін сатқанда, біреуге сый-мҧра ретінде
қалдырғанда т.с.с.), қылмысты іс жасағанда есі дҧрыс емес болып танылуы
мҥмкін. Кейбір қылмысты жауапты істі қысқа уақытқа психикасының
бызылуы кезінде жасаған және есі дҧрыс емес деп танылған тҧлғалар
қабілетсіз деп танылмайды.
Соттық психиатрия ӛзінің теориялық және практикалық мәселелерін
шешкенде жалпы психиатрияның жетістіктеріне сҥйенеді. Психикалық
аурулардың болмысын бағалауда материалистік кӛзқарас және Отандық
психиатрлардың нозологиялық бағдары соттық-психиатриялық мәселелерді
шешу кезіндегі медициналық критерияларды анықтауда маңызды орын алды,
соттық психиатрияның компетенттілік шекарасын анықтауға мҥмкіндік
берді. Осы жағдай мамандарды әлеуметтік және психологиялық
заңдылықтарды психиатриялық принциптермен ауыстыруға талпынудан
қҧтқарды, қоғамда психиатрия функциясын дҧрыс тҥсінбеуге жол бермеді.
Психикалық
ауруларды
емханаға
орналастыру
жайлы
арнайы
административті-заңды ереже бар. Ауруларды психиатриялық стационарға
жатқызу және онда емдеу жҥйесі әр елде әртҥрлі. Барлық елге ортақ екі жол
бар: ерікті және еріксіз емду.
Шҧғыл госпитализация аурулар ӛзіне және айналадағыларға қауіп
тӛндірген кезде жҥргізіледі. Бҧл аурудың келісімінсіз дәрігер-психиатрдың
шешімімен жедел, міндетті тҥрде аурудың туған-туыстарының немесе заңды
ӛкілдерінің, денсаулық сақтаудың жоғарғы органдарын хабарлау арқылы
жҥзеге асырылады.
Аудандық, аймақтық, республикалық бас психиатрларға қатысты жаңа
ереже енгізілді. Олардың міндетіне халыққа психиатриялық кӛмек кӛрсету
және оны ҧйымдастыруды жетілдіру кіреді; психикалық аурулардың
қызығушылығы мен қҧқығын қорғау, сондай-ақ психикалық аурулар
тарапынан болатын әлеуметтік қауіпті әрекеттен сақтандыру шаралары
кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: