Психиатриялықкөмек



бет4/37
Дата26.12.2022
өлшемі117,25 Kb.
#164439
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
псих барлығы

Есеңгіреу – сыртқы тітіргендіргіштердің шұғыл жойылуынан, ассоциация түзілісінің қиын, баяу жүруінен байқалады. Бұл жағдайда, қабылдау мен әсерлерді өңдеу қиындайды, сыртқы дүние құбылыстары зейінді аудармайды, аңғарылмайды. Түсінік жұтаң, тапшы болады. Ұйқы кезінде түс көрмейді. Абыржу, галлюцинация, сандырақ болмайды. Есеңгіреудің жеңіл дәрежесін сананың обнубиляциясы деп атайды;
Сопор жағдайы – науқаспен байланыс орната алмайтын, есеңгіреудің терең дәрежесі. Бұл кезде науқастар күшті тітіркендіргіштерге төмен дифференцирленген және өте қысқа уақытты реакция байқатады. Ауырсыну сезімі, конъюктивальді және қарашық рефлекстері сақталған.
Кома жағдайы – сыртқы тітіркендіргіштерге реакцияның толық болмауымен сипатталады. Ауырсыну сезімі жоғалады. Қарашық, конюктивальді және корнеальді рефлекстер шақырылмайды. Патологиялық рефлекстер пайда болады.
5. ИнтеллектРациональды таным, ой тұжырымдау мен пайымдаулар арқылы неғұрлым толық адаптацияны қамтамасыз ететін адамның ақыл мен оларды іске асыру жолдарының, ойлау ерекшелігінің .Интеллект бұзылыстары: 1. Деменция – жүре пайда болған кем ақылыдылық.2. Олигофрения – туа пайда болған кем ақылдылық.
Органикалық деменция
-тотальді (диффузді)
-ошақты (дисмнестикалық, лакунарлық, парциалді) Бас ми жарақаттарында, ми тамырларының ауруларында, қарттық және сифилистік психоздарда кездеседі.
Тотальді органикалық деменция Науқас адамның барлық интеллектуалді функциялары төмендеген; логикалық ойлауға, өзіне және ауруына сыни тұрғыдан қарау қабілеті жоқ, адамның тұлғалық қасиеті жоғалады. Науқас балағат сөз айтып, палатада жалаңаш жүгіреді, сексуалді инстинктері ояна бастайды.
Ошақты органикалық деменцияНауқас адамда негізінен есте сақтау бұзылыстары болады. Ой пайымдау қабілеті, өз жағдайына сыни тұрғыдан қарау сақталады. Науқасқа жаңа информацияны қабылдау қиын, сондықтан ойларын, істеу керек жұмыстарын қойын кітапшасына жазып жүреді; ал бұрыннан жаттықтырылған, әсіресе профессионалді дағдылары ұзақ уақыт бойы сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет