бұтақтары төмен қарай қараған – алқынушылық(астения) немесе жабығушылық
қыртыстардың төбелерінде кенеттен үзіліп кетуі – басыңқылық немесе ауру қиялдарды жоққа шығару
ағаштың ұшар басының салынбауы – өз болашағын елестете алмауы
ағаштың жіңішке ұшар басы – интроверттілік
ағаштың үлкен,егжей-тегжейіне дейін өңделген ұшар басы – жоспарлау жақсы дамыған
ағаштың үлкен өңделмеген ұшар басы – арманшылдық, қорғанышты қиял
кепкен, сынган немесе кесілген жапырақсыз ағаш – басылушылық, психикасы жараланған
сынған бұтақ, қуыс – психосоматикалық шалдығу
кішкене немесе дөңгелек қуыс – сексуалды қайғыру немесе ерте сексуалды тәжірибе
қуыстың қатты белгіленген контуры –жарақаттың қатты әсері
қуыстың ішкі концентрлік дөңгелектері – өткен шақта қалдырылған «жазылған» тәжірибе
қуыстың қараға боялуы, штрихталуы – белгілі тәжірибеге байланысты ұят сезімі
үлкен қуыс –жаңғырту идеясы бірден ұғып алу
қуыстағы ақ тиін немесе құс – қорғануды және қолайлы жағдайды қажет етушілік, әкелік немесе аналық амбиваленттілік
Филлипстің «Оқушылардың мектепте мазасыздануының сипатын зерттеу» тесті Мақсаты:оқушылардың мектеппен байланысты мазасыздануының сипатын зерттеу.
Орындау ережесі: зерттелінушілерге 58 сұрақ жазылған тапсырма парақ таратылып беріледі.Әр сұрақты мұқият оқып,оған шындыққа сай жауап беру керек. Қойылған сұрақтарға дұрыс немесе қате жауап жоқ.Әр адамның жауабы өзінің көзқарасын білдіреді және тек ол өзіне ғана дұрыс болуы керек. Жауап парқтың жоғарғы жағына зерттелінушінің аты-жөні және оқитын сыныбы жазылады. Сұрақтар тұсында жауап варианттары берілмеген.
Тест жүргізу барысында балаларға жауап парақ таратылып берілсе оның жауабын талдау өте оңай болады. Сондықтан алдын-ала төменде көрсетілген үлгі бойынша жауап парақтарды даярлап алып, оны тест сауалнамасымен бірге таратып беру керек. Оған жауапты қалай толтыру керектігі түсіндіріледі.
Жауаптарды «иә» немесе «жоқ» деп беруге немесе сұрақтағы мәселемен келісетін болса «+», келіспейтін болса «-» белгісін қойып орындауына болатындығы түсіндіріледі. Содан соң уақыт белгіленіп,балалар тапсырманы орындауға кіріседі.