Психология ғылым ретінде. Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі психологияның орны және міндеттері


Қарым-қатынастың перцептивті жағы – қарым-қатынас процесіндегі адамдардың бірін-бірі қабылдауы ретінде



бет28/45
Дата04.12.2023
өлшемі285,26 Kb.
#194987
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45
Байланысты:
Психология ғылым ретінде. Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі псих

36 Қарым-қатынастың перцептивті жағы – қарым-қатынас процесіндегі адамдардың бірін-бірі қабылдауы ретінде.
Қарым-қатына – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.[2]
Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарларменақпаратпентәжірибеменбіліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивтікоммуникативтіперцептивті деген үш жағы және мезомакромикроруханиіскер, т.б. деңгейлері болады. Негізгі қызметі:
1) ақпараттық-коммуникативтік (ақпарат алмасу және адамдардың бірін-бірі тануымен байланысты);
2) реттеуші-коммуникативтік (адамдардың іс-әрекетін реттеу және біріккен әрекетті ұйымдастыру);
3) аффективті-коммуникативтік (адамның эмоционалдық аясымен байланысты).
Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілікұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі: барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздықсыз қарым-қатынас жасау; сұхбаттасушының жеке пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау; басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет