Психология ғылым ретінде. Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі психологияның орны және міндеттері


Аурулардың пайда болуы мен денсаулықты нығайтудың психологиялық факторлары



бет21/45
Дата04.12.2023
өлшемі285,26 Kb.
#194987
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   45
Байланысты:
Психология ғылым ретінде. Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі псих

28. Аурулардың пайда болуы мен денсаулықты нығайтудың психологиялық факторлары. Ауру - ағзаның тіршілік етіп, өсіп-ену қабілетінің бұзылуы. Ауру туралы ұғымда әр түрлі көз қарастар болып келген. Ертедегі Рим дәрігері, Гипократ ауру дегенді 4 түрлі сұйық заттың өзара алмасып, өзгеруіне пайда болады деп есептеген. Бұл туралы материалитсік көзқарас негізі Әбу Әли ибн Сннаныңеңбегінде басталады. Ол аурудың сыртқы орта жағдайына байланысты болатынын эәне әр науқастың өзіне ерекше ем қолдану қажет екенін айтқан. Адамның ауруға шолығуы көбінесе сыртқы орта факторлары себепкер болады. Науқас адамның еңбек қабілеті нашарлап, ішкі-сыртқы құбылыс әсерлеріне бейімділігі төмендейді. Денеің бір жерінен басталған ауру зардабыбірте-бірте барлық ағзаға таралады. Кейде ауры денені тез шарпып әкетеді де, оның қай жерде басталғыны белгісіз болады. Аурудың да, оны тудырғыш факторлардың да алуан түрлі болуына қарамастан, аурудың кезеңі үшке бөлінеді:
Жасырын кезеңі,
Нағыз ауру
Айығу кезеңі.
Аурудың көп таралуы да, науқас адамның бұған төзімділігі де әлеуметтік жағдайға байланысты. Қысқаша, әлеуметтік аурулар. Мысалы, ИТИС ( туберкулез) ауруы тұрмысты нашарлап, рухани күйі төмендеген жағдайда өрши түседі.
Қазіргі заманда денсаулықты сақтау мен нығайту ең басты мәселелердің бірі екені белгілі. ХХІ ғасыр адамына
денсаулықты қалыптастыруға үйрену қажет. Валеологиялық мәдениетті қалыптастыру өсіп келе жатқан ұрпақта денсаулықтың мәдениетін қалыптастыру мақсатына жетудің басты шарты. Салауаттану – тұтасымен алғанда жеке тұлғаның, қоғамның, табиғаттың денсаулығы туралы ғылым. Әлеумет себепші болған аурулар санының өсуіне, адамның әлеуметтік биологиялық мәні арасындағы қарама – қайшылықтардың шиеленісуіне байланысты – салауаттанудың пайда болуы заңдылық. Салауаттану ғылымы аурудың алғашқы алдын алу әдіснамасын, денсаулықты сақтау және нығайту амалдары мен әдістерін зерттейтін салауатты өмір салтын қалыптастырудың ғылыми негізі болып табылады. Салауаттану нысаны, біріншіден – дені сау адам, екіншіден – оны қоршағандардың барлығы және денсаулыққа әрекет етуші факторлар, үшіншіден – аурудың пайда болу себептері, организмнің дені сау күйге оралу тетігі, қорғануға бейімделу тетіктері, төртіншіден – сақтандыру және сауықтыру шаралары болып табылады. Қорытынды. Өмір Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Қазіргі мәліметтер бойынша денсаулық 53-55%- ға салауатты өмір салтына тәуелді болады екен. Бұдан салауатты өмір салтын ұстанудың қаншалықты маңызды екендігі айқын. Сонымен, жоғарыда айтылған мәліметтерден әркімнің өзінің денсаулығының нашарлауына өзі кінәлі екенін көруге болады. Ауруды ағзаға жолатпау, адамның өз қолында. Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену әрбір адамның басты міндеті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет