11.Психологиядағы ерік түсінігі.
Ерік – іс – әрекеттің саналы реттелуіне негізделген психиканың ерекше формасы. Іс – әрекетті орындау тұлғаның іс – әрекет элементтерін ұйымдастыруы және басқаруы болып табылады, яғни іс-әрекет процесін және өзін басқару. Еріктік іс – әрекет тұлға қасиеттерімен (өмірлік тілекпен, ұмтылыстармен, сенімдермен және т.б.), іс – әрекеттің мазмұнымен, өмірлік жағдайлармен Адам өз қажеттілігіне байланысты алдына түрлі мақсаттар қояды. Сол мақсаттарды орындау үшін түрлі әдіс-амалдарды қарастырады. Бұл үшін қимыл-козғалысқа түсіп отырады. Адамдардағы қимыл-қозғалыс есепсіз көп, оларды үлкен екі топқа бөледі: *Еріксіз қозғалыстар (көздің ашылып-жүмылуы, жөтелу, *Шашалу, түшкіру т.б.) яғни мақсат қойылмайтын қозғалыстар. *Ерікті, яғни мақсатты қозғалыстар. Мысалы, жерге түскен нәрсені көтеріп алу. Ойланып істелетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді жеңе білуден көрінетін қимыл қозғалыстарды психологияда ерік амалдары немесе ерік деп атайды. Сонымен, ерік дегеніміз – адамның өз мінез-кұлқын саналы түрде меңгере алуын айтамыз.Адамның осындай психикалық әрекеті алдына қойған мақсатына байланысты түрлі ішкі және сыртқы кедергілерді жеңе білуінен байқалады. Мысалы: үйқы басып төсектен тұрғымыз келмейді, бірақ сабаққа кешікпеу үшін түру керек.Ерік қоғамдық ерік процесінде пайда болып қалыптасқан. Тек еңбек ету арқылы ғана адам өзінің әр түрлі амалдарын, қимылдарын көрсетіп, түрлі қажеттіліктерін өтей алады.Адамның еріктік қимылдары оның өмір сүріп отырған ортасының, яғни сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының әсер етуіне байланысты көрінеді. Біз көп адамдардан « не тілесем соны істеймін» деген сөзді көп естимізКейбір философиямен психология ғылымының өкілдері осындайжеке пікірлерге жас кенедей жабысып: «адам не істеймін десе де ерікті өз қылығына өзі қожайын дейді. Ал еріктің айналасын қоршап түрған дүниеге, жағдайларғаБайланысты болатындығына жете мән бермейді. Сөйтіп ерік қимылдарын өзінен-өзі пайда болмайтын, керісінше, адамның өмір сүрген ортасына байланысты дамып отыратын, ми қызметіжемісінің бірі болып есептелінетінпсихикалық процесс деп түсінуіміз қажет. 12.Ерікті актінің құрылымы. Шешім қабылдау және таңдау мәселесі.
Шешім қабылдау — бұл мәселені түсінуді, адекватты мақсаттарды бекіту және осы мақсатты іске асыру үшін құралдарды таңдауды болжайтын күрделі ой процессі. Өкінішке орай, айтылған бұл процесс сыртқы орта жағдайлары мен жоғарғы басшылардың қысымының салдарынан жиі жағдайда стихиалы түрде жүреді. Сондықтан до оның іске асырылуы күрделі жүреді. Профессор Л.Зайверт, уақытты рационалды қолдану неміс институтының жетекшісі көптеген менеджерлер келесілерді дұрыс көреді дейді:
*Дұрыс жұмыстар жасағанның орнына дұрыс жұмыс жасау;
*Шығармашылық альтернатива жасағанның орнына мәселелерді шешу;
*Қолданған құралдарды оптимизациялаудың орнына құралдарды жнақтау;
*Нәтижелерге қол жеткізгеннің орнына міндеттерді атқару;
*Пайданы арттырудың орнына шығындарды азайту.
Бұлардың барлығы — дұрыс шешім қабылдамаудың нәтижесі. Дұрыс шешім қабылдамау неге мүмкін болады? Және – осы сынды басқарудағы есептен жаңылыс ықтималдылығын қалай төмендетуга болады? Бұны түсіну үшін, адамдардың психологиялық ерешеліктеріне көңіл аудару керек, яғни осы әрекет қандай психологиялық ерекшеліктің арқасында жүзеге асты.
Шешім қабылдауда адамның білімі, қызығушылығы, дүниетанымы көрініс табады және бір адамның ғана емес. Бұл процесстің маңызды ерекшелігін адамдар мен жағдайларға қарсы тұра алатын, күрделі, өзгермелі жағдайларда белгіленген мақсатты іске асыруды қолдап отыратын адамның еріктік мінезі құрайды. Бұл процесс қысқа уақыт аралығында басшыға көптеген әртүрлі бағыттағы шешімдерді қабылдауға тура келетінімен күрделенеді.
Шешім қабылдауды әр түрлі негіздер бойынша классификациялау қабылданған:
Достарыңызбен бөлісу: |