Психология – психика дамуының жалпы заңдылықтарын, зерттеу әдістерін, теориялық принциптерін және оның ғылыми негіздерінің қалыптасу жүйесін зерттейді.
Психология негізінен грек сөзінен аударғанда ”жан туралы ғылым”, (“псюхэ”-жан, “логос”-сөз, ілім) ал “психология” термині қолданысқа алғаш рет XVI-ғ. енді. Алғашқыда ол ерекше ғылым ретінде “жанды” немесе психикалық болмысты әрбір адам өзін бақылау нәтижесінде анықтап отыруға қолданса, кейіннен XVII- XIX ғ.ғ. психология - бұл психика және психикалық құбылыстар туралы ғылым болды.