Психоанализ: Ойлау мотивтенген процесс ретінде. Адам мінез-құлқының мотивтері ең алғаш психоанализбен қойылып, зерттеледі.З.Фрейд бойынша негізгі мотивтер санасыз сипатта болады және әр түрлі көрініс табады:түс көру,ұмыту,сөзден жаңылу және т.б.
Қиял Қиялдың жалпы сипаттамасы және оның психикалық іс-әрекеттегі рөлі. Қиялдың түрлері. Эмоция және сезім. Ерік жайлы негізгі теорияар. Ерік жайлы теориялар Қиялдың жалпы сипаттамасы және оның психикалық іс-әрекеттегі рөлі Адам миында бұрыннан бар елестерді мәнерлеп жаңа образ жасау процесі қиял деп аталады. Сонымен қиял – нақты шынайылықты білдіретін және осының негізінде жаңа көріністі түсініктерді қайта жасайтын процесс. Қиял еңбек процесінде адамның белгілі бір құралдарды қайта жасау қажеттілігінің қайта тууы негізінде пайда болды деп есептеледі. Қиял екі психикалық процеспен: ес және ойлаумен тығыз байланысты. Қиялдардың іс-әрекеті адамдардың эмоциялық көңіл күйімен тығыз байланысты. Бақытты болашақ туралы арман белгілі бір жағдайларда адамды негативті жағдайдан шығарады, оған дәл қазіргі уақыттағы оқиғадан шығуына көмектеседі. Қиял біздің ерікті іс-әрекеттердің жүзеге асуымен де байланысты. Қиялдың физиологиялық негізі, нерв жүйесінің байланысының өзектенуі, оның ыдырауы, қайта топтасуы жаңа жүйеге бірігуі болып табылады. Осылайша, бұрынғы тәжірибемен сәйкес келмейтін, бірақ одан толықтай ажырамаған образдар пайда болады. Қиялдың күрделілігі олардың эмоциямен байланысы, олардың физиологиялық механизмінің құрылымдарымен өте тығыз байланысты екенін көрсетеді. Қиял көптеген органикалық процестер мен қозғалыстарға әсер етеді. Ішкі органдардың іс-әрекетіне, зат алмасу процесіне, т.б. Мысалы, дәмді түскі ас туралы көз алдымызға елестетсек, бізде сілекей бөлінеді, ал күйік туралы ойласақ біздің терімізде «күйіктің» шынайы белгілері пайда болғандай болады. Мұндай заңдылық баяғыдан белгілі және психосоматикалық ауруларды емдеуде кеңінен қолданылады. Бір жағынан қиял адамдардың қозғалыс функцияларына ықпал етеді.
Қиялдың түрлері Қиял процесі ес сияқты ерікті (мақстты) немесе әдейі жасалуы бойынша бөлінеді. Еріксіз (мақсатсыз) жасалған қиялға түс жатады. Себебі онда образдар әдейіленіп жасалмайды және де күтпеген қызықты жағдайларға тап болады. Ерікті қиялдың көптеген түрлері мен формалары араснан жаңадан жасалынған қиялды, шығармашылық қиялды және арманды қарастыруға болады. Қайта жасау қиялы адамға өзінің суреттеуіне толықтай сәйкес келетін объектіні жасау қажеттілігі туған кезде пайда болады. Қайта жасау қиялымен біз көп жағдайда сөзбен сипаттау бойынша қандай да бір көріністі жасау қажет болған жағдайда кездесеміз.Ерікті қиялжың келесі түрі – шығармашылық қиял. Ол адамның жоқ үлгі бойынша жаңа образды жасауымен сипатталады. Қата жасау қиялмен шығармашылық қиял арасында шекара жоқ. Қиялдың ерекше түрі – арман. Қиялдың бұл түрінің мәні жаңа образдарды жеке өзінің жасауы. Арманның шығармашылық қтялға қарағанда бірқатар айырмашылықтары бар. Біріншіден, арманда адам өзі тілеген образды жасайды, ал шығармашылық қиялда адам әрқашан өзі қалаған образды жасай бермейді. Екіншіден, арман – шығармашылық іс-әрекетке қосылмаған қиял процесі, яғни көркем шығармаға ғылыми ашулар,техникалық ойлау, табу түріндегі тез арада және тікелей объективті өнім бермейді. Арманның негізгі ерекшелігі – оның болашаққа бағытталғандығында, яғни арман өзі қалаған болашаққа бағытталған қиял. Адам көп жағдайда болашаққа жоспар құрады.