Психология ғылымының жалпы мәселері. Психология пәні және оның әдістері, негізгі салалары, даму тарихы


Түйсіктердің физиологиялық негіздері



бет6/21
Дата18.11.2022
өлшемі75,87 Kb.
#158795
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Дәрістер жиынтығы химфак

1.2.Түйсіктердің физиологиялық негіздері
Түйсік жүйке жүйесі бар барлық тірі организмдердің барлығында болады. Бірақ саналатын түйсіктер,яғни белгілі бір күйлердің шығу себебі мен қасиеттері жөнінде өз-өзіне есеп бере алушылық тек адамға ғана тән. Тірі организмдердің эволюциясында түйсіктер тітіркену,яғни тірі материяның ,ортаның биологиялық мәнді әсерлеріне өзінің ішкі күйі мен сыртқы мінез-құлқын өзгертуінде көрінетін қасиет негізінде пайда болған. Түйсіктер алғашқы кезеңнен бастап,организмнің іс-әрекетімен,өзінің биологиялық қажеттілігін өтеумен байланысты туындаған. Түйсіктердің өмір үшін маңызды рөлі – орталық жүйке жүйесіне ішкі және сыртқы ортаның күйі жөнінде (мысалы,шөлдеу,суықтық және т.б.) мағлұмат беру. Сонымен қатар адамның түйсіктері тек биологиялық факторларды ғана бейнелеу емес. Олар,сонымен қатар абиотикалықғяғни әлеуметтік маңызы бар факторларға да жауап беру қабілеті болып табылады. Бұл қабілет сезгіштік деп аталады. Түйсіктердің физиологиялық негіздері болып табылатын тітіркендіргіштің оған сәйкес анализаторға(сезім мүшесіне) әсері нәтижесінде пайда болатын жүйке процесі. И.П.Павлов бойынша анализатор – бұл тітіркендіргіштерді қабылдау,өңдеу және оларға жауап қайтаруға қатысатын афференттік және эфференттік жүйке жолдарының жиынтығы. Анализатор үш бөлімнен тұрады:
1.Перифериялық бөлім (рецептор) – сыртқы энергияны жүйке процесіне айналдыратын арнайы трансформатор;
2.Афференттік (орталыққа бағытталған) және эфееренттік(орталыққа шығатын) жүйке талшықтары немесе өткізгіш жолдар;
3.Анализатордың мидағы қабықасты және қабықты бөлімдері;
Анализатордың шеткі бөлімдерінің белгілі бір клеткаларына ми қыртысы клеткаларының белгілі бір бөлімшелері сәйкес келеді. Осылайша,мысалы,көз торының әр түрлі нүктелеріне ми қыртысында кеңістік бойынша әр түрлі орналасқан нүктелер сәйкес келеді. Жасанды тітіркену әдістері арқылы жасалған көптеген байқаулар көрсеткендей,қазіргі кезде әр түрлі сезгіштіктің мидағы локализациясын анықтауға болады.
Мысалы: 1.Көру сезгіштігі мидың желке бөлімдерінде орналасқан. 2.Есту сезгіштігі жоғары самай иірімдерінің орта бөлімінде локализацияланады. 3.Сипап сезу-қозғалыстық сезгіштік артқы орталық иірімдерде орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет