Қабылдау – ми қабығының күрделі анализдік және синтездік қызметінің нәтижесі.
Қабылдаудың физиологиялық негізіне бірнеше тітіркендіргіштердің жиынтығы мен олардың қарым-қатынасында пайда болатын уақытша нерв байланыстары жатады. Мұны И.П. Павлов қатынас рефлексі деп атаған.
Қабылдау – түйсіктегідей бір анализатордың ғана қызметі емес, бірнеше анализаторлардың бірлесіп қызмет істеуінің нәтижесі.