Психология менің өмірімде және кәсібімде.
Топ: В058-6306-20-05
Талипова Мадина
Психология – сана туралы ғылым(Вингельм Вундт). Психология адамның мінез-құлқын, даму құбылыстарын, тірі жандардың қалыптасуын зерттейді. Ғылым кезеңіне дейін б.з.б. 7-6 ғасырландан бастап, қазіргі күнге дейін психология өзінің зерттеу жұмыстарын қарқынды жасап жатыр. Уақыт өткен сайын адам санасының психологиясы өзгеріп жатыр.
Қазіргі кезде адамның бойындағы көптеген мәселелерді адамның өзі түсіне алмайды. Осындай кезде психолог кәсібі жақсы көмектеседі. Өз ойымызды айтып, бөлісу арқылы жанымыздағы ауыр жүк жеңілдеп, бостандықты сезінуге болады. Психология саласындағы жұмыс істейтін мамандар адамдардың эмоциясын, сезімін, көңіл-күйін бақылау арқылы қорытынды жасап, басты проблеманың қандай екенін және оның шешімін айта алады.
Менің ойымша, адамның өмірінде психологияның орны маңызды болып келеді. Адамды қоршаған орта, заман және заттар зор әсер етеді. Қиын жағдайларды, шаршауымды және көңіл-күйдің болмауы, отбасыдағы түсінішпеушілік сияқты өмірлік кезде болатын жағдайларды тыныштық сезіміммен шешуді үйренуге. Өзімді- өзім дамыту арқылы көптеген жетістіктерге жетіп, өзіңнің комплектарыңнан айырылуға болады. Мен деген жеке тұлғаны қалыптастыру маңызды. Көпшіліктің ойымен жүрмей, өзіңнің ойыңды қалыптастыр. Көмек сұрау әлсіздіктің белгісі емес екенін түсіндін. Жағымды естеліктерді қорға жинай білу керек.
Негізінен, психология білім алу мекемесінде, жұмыс мекемесінде және тағы басқа жерлерде, кез-келген жұмысшыға қажет деген ойдамын. Оқуда немесе жұмыста міндетті түрде қиыншылықтар болады. Шеше алмағанда немесе моральдік тұрғыдан құрдымға кеткенде психология жақсы көмектеседі. Психологқа жүгінуге міндетті емессіз. Проблеманы шеше алсаңыз, жаныңыз тыныштық сақтаса және бос қабылдасаңыз кез-келген мәселені шеше аласыз. Психолог көмекке мұқтаж адамдарға көмектеседі. Жаман ойларды ойламауға, өзімізді жақсы сезінуге көмектеседі.
Менің ойымша, кез-келген мекемеде психолог болу қажет. Жұмысты жақсы көңіл-күймен істеуге, сергігуге және жұмыст уақытын жемісті, сапалы өтуіне психологтың жұмысы зор деп ойлаймын. Алдымызға қойған мақсатқа қол жеткізуімізге тырысумыз қажет. Коммуникация қасиеті адам бойындағы бір-бірімізбен сөйлесуімізде маңызды қасиет деп есептеймін. Коллективтің ұрыс-керіссіз, басқаларға мейіріммен қарауы тек жұмысқа ғана әсер етпейді. Қоршаған ортаға да әсер ететіні сөзсіз.
Менің өмірімде психологияны зетреу өкінішке орай аса қарқынды өтіп жатқан жоқ. Алайда, психологияның өмірдегі рөлінің маңызды екенін түсінемін. Өмірде проблема пайда болса, тыныштықта отырып оны зерттей бастайм. Пайда болу себебі, проблеманы шешпесем не болуы мүмкін және шешу жолын табуға тырысам. Мысалы, өткен жылы 11 сынып бітіргенде болашақта кім болатынымды ойландым. Көптеген нұсқаларды қарастырып, бір шешімге келдім. Өзімнің комплекстарымды біртіндеп шешіп жүрмін. Негізінен, кез келген проблеманы шешу үшін асықпай, жақсыланып ойланудың рөлі үлкен екеніне көзім жетті. Мысалы, өзімді жеке тұлға ретінде қабылдауға менің көп уақым кетті. Бірақ, осы проблеманы шешу арқылы мен өзімнің өмірімдегі бола алатын мәселені қазыр шештім. Психологияны баланың балалық шағынан бастап ересек адамға дейін зерттеу қажет деп ойлайм.
Жасқа қатысты адамның психологиясы әртүрлі деп ойлаймын. Мысалы, ата-ана әрқашан баланың жағдайын түсіне алмайды. Баланың мәселесін ата-ана судың бір тамшысы ретінде қабылдауы мүмкін. Тек бұл тамшы өзіне басқа тамшыларды жинап үлкен өзенге айналуы мүмкін. Сондықтан, кез-келген мәселені мүмкіндігіңше тез шешу керек деген тұжырымдыға келдім.
Қазір мен жұмыс жасамаймын. Алайда бұл қазірден бастап кәсібіме дайындалуға кедергі емес. Адамның психологиясын зерттей отырып, жағымсыз мәселелерді айналып өтуге, оларды кездестірмеуге көмек береді деген ойдамын. Әр мәселені тыныштық сезімімен шешсем, өзімнің жүйке-жүйем аман қалады деген қорытынды жасадым. Өмірде әлі қанша жағдайлар мен мәселелер болады.
Психологияның маған берген көмегіне ризамын. Психологияны зерттемей, өзімді өзім дамытпасам бұл өмірде қаншалықты қиын болатынын елестете де алмаймын. Ең бастысы барлығын тыныштық сезімімен қабылдауды түсінгеніме өзіме өзім ризамын.
Достарыңызбен бөлісу: |