Эссе
Психология менің өмірімде және кәсібімде
Психология - психикалық құбылыстардың (жан қуаттарының) пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстардың мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады.Психология өз алдына ғылым ретінде ХІХ хасырдың 60 ж. бөлініп шықты. Оған себеп болған ғылыми-зерттеу мекемелері-психологиялық лабораториялар және институттар, жоғары оқу орындарындағы кафедралар сонымен қатар пихикалық құбылыстарды оқып-білуге байланысты экспериментті насихаттау жұмыстары.
Психологияның дамуына үлес қосқан ғалымдар: 1879 жылы психологияның атасы болып танылған Вильхельм Вундт (1832-1920) Германияның Лейпциг Университетінде психологиялық зерттеу зертханасын ашты.Вильям Джеймс, америка пәлсапасышысы өзінің "Психология Принциптері" (1890) атты жемісті кітабын жариялап, келесі жылдарда психологтардың назарын жинақтаған көптеген мәселелерінің іргетасын қалады.
Психолог — психологиялық кәсіби бiлiмі бар және психология төңірегінде зерттеулер жүргізетін немесе қызмет ететін маман.Уильям Джеймс (1842-1910) - американ психологы, философы, прагматизмнің ең ірі өкілі. Америкалық психолог және философ, америкалық функционализмнің негізін қалағандардың бірі.
Психология қазіргі күнде маңызыды рөл атқаратын ғылым саласына айналып отыр. Ол философиядан бөлінгеннен бері талай даму кезеңдерін өтті, яғни күрделі жүйеге айналды. Психологияның адам өміріндегі маңызы баршылық. Себебі тұлғаның дамуында қандай да өзгешеліктер болатын болса, оны жөндеуге психологиялық нормалардың қажеті болады. Жалпы біз мектеп табалдырығын аттағанда, психологтың қабылдауынан өтеді екенбіз. Неліктен? Психолог белгілі бір негіздегі тест сұрақтары арқылы біздің нормаға сәйкестігімізді тексереді. Яғни қоғамдық ортада қалай өмір сүру керектігін қаншалықты білітінімізді, жаңа ортаға сіңісіп кету қабілетімізді тексереді. Міне психологияның адам өміріндегі бірден-бір маңызы осы.
Адамның өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі – ол жоғарғы орын оқу орнын аяқтап, дипломын алып жұмысқа орналасуы. Мамандықтардың түрлері саусақпен санарлық емес. Кейбір мамандықтардың қоятын белгілі бір психологиялық-физиологиялық талаптары болады. Яғни сенің бұл мамандыққа деген жарамдылығыңда тексереді. Егер де сен әскери қызметкер болғын келетін болса, сенің физикалық дайындығыңды тексереді. Мүмкін сен медицинаға қызметкері болғын келетін шығар, онда сен психомериялық тестілеуден өтуге міндеттісің. Міне психология адамның өмір жағдайларына қаншалықты дайындығын, бейімділігін тексеруде өте қажет екен.
Достарыңызбен бөлісу: |