Психология менің өмірімде және кәсібімде
Психология - адамдардың жан-жүйесін зерттейтін сан-салалы ғылым. Жалпы, менің ойымша, адам сәби болып дүниеге келгеннен бастап оның өмірі бұл ғылыммен байланысты деп ойлаймын. Психология да физика ғылымы секілді. Біз біліп, байқамасақ та біздің өмірімізге керекті де қажетті нәрселердің бірі. Баланың өсуі, дамуы, ойлауы, мінез-құлқының өзгеруі - осының барлығы психологиямен байланысты.
Психология жайлы мен мектеп қабырғасында жүргенде аздап естігенім бар. Мектептің психолог-мамандары жыл сайын бізден әр түрлі психологиялық тесттер алатын. Мұндай тесттер алу арқылы психолог-мамандар оқушылардың психологиялық ахуалын біліп, көмек керек оқушыларға қол ұшын соза алады.
Мен қазіргі таңда “шет тілі: екі шет тілі” мамандығында оқып жатырмын. Яғни, болашақ ағылшын тілі мұғалімімін.Тіпті, осы мамандыққа түсу үшін психологиялық тест тапсырдым. Ол тестте түрлі жағдаяттарды беру арқылы болашақ мұғалімнің ситуациядан қалай шығатынын байқайды. Себебі, кез келген адам мұғалім бола алмайды. Мұғалім болу үшін де психологиялық тұрғыда дайын болуымыз қажет. Міне, осы себепті де менің мамандығым психологиямен тығыз байланысты. Психология адамның өмір жағдайларына қаншалықты дайындығын, бейімділігін тексеруде өте қажет. Әр оқушының, әр баланың психологиясы әр түрлі. Сондықтан да олардың әрқайсысымен қарым-қатынас жасап, тіл табысу - менің мұғалім ретіндегі міндеттерімнің бірі.
Достарыңызбен бөлісу: |