«Психология» пәні бойынша дифференциалды сынақ сұрақтары Зейін туралы түсінік. Зейіннің қасиеттері: тұрақтылығы, шоғырлануы, бөлінуі, көлемі,ауыспалылығы



бет13/35
Дата20.04.2022
өлшемі0,64 Mb.
#140061
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35
Байланысты:
«Психология» п ні бойынша дифференциалды сына с ра тары Зейін т

Шизоидты не аутизмдік, (жұрттан оқшаулану) патологиялық тұйық жеке адам. Оның ең алдымен жасырынды, тұйық және айналадағылармен қарымқатынас жасауға ықыласы мен қабілеті жоқ. Айналадағы әлемнен бөлектену,
ішкі дүниесі бай бола тұрып сыртқы көрінісі кедей, тәртібі мен эмоционалдық қайғы-қасіреті, қарама-қайшылық бұларға тән. «Олар эстетикалық сезімі нәзік,принципиальдық және жалпы адамдық мәселелерде жанын қиып, басқа адамдарға молынан сезгіштік көрсетіп, ал жанындағы адамдардың қайғысы мен қуанышын оларға түсіну өте қиын»,- деп жазды П.Б.Ганнушкин (1933ж.). «Шизоидты», «аутизмдік» (ауто- «мен», «аутизм»- өзімен шұғылдану) - деген аты бұл психопатияның босаң өтетін шизофренияның кейбір ерекшеліктерімен ұқсас болуынан.Жас кезде диагнозын қою қиындыққа түсетін және тіпте мүмкін емес психопатияның басқа типтеріне қарағанда шизоидты психопатияның белгілері бала кезден жақсы білінеді. Шизоидты психопатия басқа типтерге қарағанда сирек болады, ал ұлдарда жиі кездеседі. 2-4 жастағы балалардың мінез-құлқы құрдастарына қарағанда ерекше болады. Ата-аналары олар туралы былай дейді:«Басқалардай емес»,«тыныш, жалғыз ойнаушы еді, бір ойнаған ойыншығымен ойнайтын, ештеңе сұрамайтын, еркелеуді ұнатпайтын». Мектепке дейінгі жасында өз құрдастарынан тасаланып, бірге ойнаудан қашады. Бұл жаста дамуда үйлесімдік болмағандықтан мидың дамуы жылдамдап, қозғалыс қызметі нашар дамиды. Үлкендердің көмегінсіз оқуды ерте үйреніп, бірақ аяқ киімінің бауын байлай алмайды. Сөйлескен кезде олардың жасына сәйкес емес білімінің барлығын, ересек адамдарды таңғалдыратын көптеген сұрақтар қойып, білуге құмарлығын көрсетеді. Олар дерексіздікке жоғары ынта көрсетіп, әлемнің пайда болуы, табиғат пен өлім туралы сүрайды. Мектеп жасында олар белгілі бір сабаққа қызығып, сол сабақты күшті оқи бастайды. Мысалы, математиканы,астрономияны, психология мен философияны. Ақыл - ой дарындылығы бола тұра, олардың қозғалысы икемсіз, өздерін-өздері күте алмай, киім мен тамақ қабылдағанда салақтық пен ұқыпсыздықты көрсетеді. Барлық қозғалу әдеттері қиын болғандықтан олардың жазуы салақ және ұқыпсыз болады. Олар аз қозғалады, шулы ойындарды жаратпай, айналадағы ортаға оңай бейімделе алмайды. Олар өздерінің іштеріндегі қайғыларын ешкімге айтпағандықтан олармен қарым-қатынаста болу қиындыққа соқтырады. Сырттай суық және қол жетпестей көрінгенмен кейбір адамдарға өте сезімтал және жарқын болады. Жақындарымен қарым-қатынаста бола алмаса да отбасындағы ұрысқа қатты қайғырады. Мұндай балалар кітаптарға көңіл аударып, көпоқиды және бұл жұмысты басқалардан жақсы көреді. Өзімен-өзі болғандықтан олар уақыттарын дұрыс пайдалана алмайды.Жыныстық жетілу кезінде барлық белгілері өткірленіп, кейбір ерекшеліктері айқын білінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет