«Психология» пәні бойынша дифференциалды сынақ сұрақтары Зейін туралы түсінік. Зейіннің қасиеттері: тұрақтылығы, шоғырлануы, бөлінуі, көлемі,ауыспалылығы



бет32/35
Дата20.04.2022
өлшемі0,64 Mb.
#140061
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
«Психология» п ні бойынша дифференциалды сына с ра тары Зейін т

Дағды: Арақашықтық сақтау.-Пациентпен тиісті ара-қашықтықты ұстау маңызды.Дәрігер әңгімелесудің құпиялылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті жақын тұруы және пациент үшін ыңғайсыздықты тудырмауы , сондай-ақ өзі үшін ирусты ауруды жұқтыру қаупін тудырмайтын қашықтықты ұстануы керек.Егер пациент шегініп немесе қозғалса оның орнатқан қашықтығын ұстану керек.Сондайақ көз байланысын ұстану және теріс эмоцияларды болдырмау үшін пациент жүзінің құбылысын қадағалау керек.Пациент тарапынан да вербальді емес әңгімелесу маңызды.Егер пациент жабық кейіпті қолдарын айқастырса , провизордан денесін бұрыс ұстаса соңғысы қолайсыздық себебін түсініп , оны жоюға тырысу керек.Дәрігерде пациент жүзінің құбылысын бағалауы керек, үрейлену,ашулану , күйзеліс,агрессия және ауру сияқты физикалық белгілері бар екенін қадағалау керек.

Пациент пен дәрігер арасында көп жағдайда белгілі бір қашықтықта сұхбаттасқан жөн.Тұлғаралық қашықтық түрлері көп:Бірінші - 0-45 см аралығы - "интимдік". Бөгде адамның интимдік аймаққа енуі (көбінесе алыстан көрмейтін (близорукость) адамдарда болады) тітіркену мен наразылық сезімін тудырады.Екінші - 45-120см аралығы - "жеке". Психотерапия кезінде жиі қолданылады.Үшінші - 120-400см аралығы - "әлеуметтік".Бұл екі адамның ресми өзара әрекеті жүзеге асырылатын қашықтық.Төртінші - 4 метрден астам - "қоғамдық".Аудитория алдында сөйлеу.
Науқасқа кеңес беру түрлеріне тоқталатын болсақ , ол әртүрлі адамдар мұқтаж болып және әртүрлі жағдайлармен келетіндіктен науқасқа кеңес беруді , әр адамның жеке ерекшеліктеріне байланысты және олардың проблемаларына байланысты бірнеше түрге бөлуге болады.Ең бірінші , жеке тұлғалық науқасқа кеңес беру.Бұл түрге адамдардың жеке проблемаларына байланысты кеңес беру жатады.Мысалы, адамның өзінен арылғысы келетін психологиялық және мінез-құлықтық кемшіліктер немесе адамдармен қарым-қатынас жасағанда , арасындағы жеке басына қатысты проблемалар , әртүрлі қарым-қатынастар , жолы болмаушылық , психогенді аурулар жатады. Бұл жерге сонымен қатар, адамның өз-өзіне көңілі толмауын,интимді проблемаларды да жатқызуға болады.Екінші түріне , психологиялық кеңес беруде көп кездесетін және өте маңызды мәселенің бірі отбасылық кеңеске жүгінуі.Бұл жерге отбасындағы немесе отбасы проблемалары туындайтын әртүрлі жағдайдағы кеңес беруді айтуға болады.Күрделі науқаспен жұмыс істеу коммуникация ғылымының бір бөлігі болып табылады.Өкінішен орай , осы уақытқа дейін медицина мамандарын дайындау бағдарламасында осындай пән болмады. Дәрігер-терапевтің науқастармен жұмыс істеудегі жетістіктерінің 80%-ы , оның коммуникативтік дағдыларына байланысты.Хирург және реаниматолог дәрігерлер,жеке тұлғамен емес , адамның физикалық денесімен жұмыс істейді.Дегенмен, бұл жағдай қазіргі кезде талас тудырып отыр.Комада жатқан науқастың эмоциялық белгімен айтатын сөзін білдіре алатындығы дәлелденген.Керек десеңіз эмбрионмен де коммуникация жасауға болады екен.Тіпті қазір эмбриондық психология ұғымы пайда болды. Бұған бір дәлел , түсік кезінде тек биологиялық ұлпа жойылып ғана қоймайды, психикалық сезімі бар тіршілік иесінде жойылады.Біздің өміріміз-бүкіл әлеммен қарым-қатынас жасау.Дәргерлердің де басты мақсаты, міндеті осы.Науқастың өзіңізге деген сенімділік пен сезімін оятыңыз.Ол сізге өмірін сеніп тапсыра алсын.Осы коммуникация пәнінің арқасында дәрігерлер қауымы едәуір психологиялық білімді болып жатыр деп ойлаймын.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет