Интроверттілік - бұл психологияға К. Юнг енгізген термин болып табылады. Интроверттілік дегеніміз, адамның өз-өзіне, өз күйзелістері мен ойларына, сезімдеріне бағытталуы болып табылады. Интроверт өз идеалына, сенімдеріне, өз құндылығына және өзінің моралды және этикалық нормаларына сүйенеді.
Интроверттілік коммуникацияға қалай әсер етеді? Интроверт адам өзінің психологиялық әлемінде өмір сүріп, өзінің сезімдері мен идеяларына бағытталады және басқа адамдарға аса қызықпайды, қоршаған ортадағы адамдармен қарым- қатынасқа түсуде біршама қиналады;Интроверттілік, әдетте, тұлға аралыққатынаста сезімталдылықтың, интуицияның төмендігімен, басқалардың күйзелістері мен қайғыларына көмек беруге ұмтылысының жетіспейтіндігімен сипатталады; Интроверттілік тиімді коммуникацияға кедергісін келтіріп, дәрігердің коммуникативті біліктілігін төмендетеді; Интроверттілік наукаспен психологиялық жағымды контакт орнатуға, эмоционалды қолдау көрсетуге кедергісін келтіреді.