Байланысты: «Психология» п ні бойынша дифференциалды сына с ра тары Зейін т
1.Психикалық үрдістер туралы түсінік. Психикалық үрдістер. Сезімде, қабылдауда, қиялда, зердеде, ойлауда, сөйлеуде үнемі және өзгермелі тұрғыда бейнеленетін ішкі өмірлік жан қуаттары. Психикалық үрдістер — жүйеленген және жүйесіз, ұғынылатын және ұғынылмайтын, даралық және әлеуметтік құбылыстардың, үлкен және шағын топтардың мінезқұлықтарының жиынтығы.
Психикалық үрдістердің мына түрлері болады:
Танымдық
Эмоцианалды
Еріктік
Таным процестері дегеніміз-сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы түрлі бейнелері.Таным процесінің негізінде адамның дүниеге тигізетін белсенді әсері жатады.
Таным процесінің түрлеріне:түйсік,ойлау,қабылдау,сөйлеу,эмоция,қиял,ес,сезім,ерік,зейін жатады.