бақылау және
реттеу қызметін де атқарады.
Зейін, әдетте, адамның бет, дене қалпы мен қозғалыста-
рында көрінеді. Сырттай-ақ зейінді тындап отырған шэкіртті
зейінсізінен айыруға болады. Ал кей жағдайларда зейін қорша-
ған дүние емес, адам санасындағы ойлар мен бейнелерге де
бағытталады. Мұндай жағдайдағы зейін
интеллектуалды деп
аталып, ол сезімдік (сыртқы) зейіннен біраз өзгеше келеді. Ал
ой-сана дене қозғалыстарына бағытгалатын болса, онда сөз
арқауына
қимылдық зейін алынады. Мұның бәрі зейіннің дер-
бес танымдық, өз мазмұнына ие болмай, өзге танымдық үде-
рістердің қосалқы қызметтерін атқаратынын дэлелдейді.
Зейіннің мұндай қызықты да қайшылықты қасиеттері ға-
лымдар назарына түсіп, оның пайда болуы мен мэнін әрқилы
пайымдауға негіз берді. Зейін табиғатын түсіндіруде
Н.Н. Ланге ғылымда қалыптасқан келесі тұжырымдар тобын алға тартады: