Психология



Pdf көрінісі
бет16/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   322
сыртқы тітіргендіргіштер:
ортаңғы бірілік — мидағы қозу жэне тежелу 
үдерістері
жэне 
солардың нәтижесінде психикалық қалыптардың (түйсік, ой, 
сезім, т. б.) пайда болуы; ақырғы бірлік — 
сыртқы қозгалыс-
тар.
Бұл тізбектегі ортаңғы бірліктің психикалық элементтері 
қалған екі шеткі (сыртқы тітіргендіргіштер мен жауапты әре- 
кеттер) бірліктерсіз жасамайды. Сондықтан да барша психика- 
лык құбылыстар — бүкіл рефлекторлық үдерістің бөлінбес 
қүрамы. Сеченевтың рефлекс бірліктерінің ажыралмас байла- 
нысы 
жөніндегі тұжырымы психикалық іс-эрекетті ғылыми 
тұрғыдан түсінуде үлкен маңызға ие болды. Психикалық қыз- 
метті сыртқы ықпалдардан да, адам қылық-әрекеттерінен де 
бөліп қарауға болмайды. Психикалық құбьшыс субъекттің жал- 
ғыз толғанысымен шектеліп қалмайды, егер олай болғаңда, пси- 
хикалық дүние (ой, ес, қиял т. б.) нақты өмірлік маңызға ие бол- 
мас еді.


Психикалық іс-әрекеттің рефлекторлық қағидатына орай 
Сеченев — адам іс-эрекеті мен қылығы сырткы эсерлердің себе- 
бінен туындайтыны (детерминированность) жөнінде ғылыми 
психология үшін өте мақызды қортынды жасады. Ол «Бастап- 
қыда қандай да әрекеттің себебі эрдайым тысқы сезімдік қозуда, 
онсыз ешқандай ой өрістеуі мүмкін емес» — деп жазды. Соны- 
мен бірге ғалым сыртқы жағдайлар әсерін үстірт түсінбеу қа- 
жеттігін ескерткен. Бұл арада энгіме тек көрініп тұрған нақты 
тыс эсер жөнінде ғана емес, сыртқы жағдай әсерлері тобына 
адамның өткенде кезіккен эсерлері, барша өмір тэжірибесі 
қамтылады. Осылайша И.М. Сеченев рефлекстің миға байла- 
нысты бірлігін оның табиғи бастауынан (сезім мүшелеріне 
эсер) жэне ақырынан (жауап қозғалыс-қимылдар) бөліп, оқ- 
шаулау орынсыз екенін көрсетіп берді.
Психикалық үдерістердің атқаратын міндеті қандай? Бұл 
әрекетті өзгермелі жағдайларға сай етіп отыру — 
сигналдъщ
жэне 
реттеу
қызметтері. Психикалық құбылыс жауап әрекетті 
өздігінен реттей алмайды. Бұл сыртқы дүние жөніндегі акпарат 
келіп түсуші, сақталушы, жэне өнделуші мидың белгілі бө- 
лімдерінің қасиеті, қызметі. Психикалық көріністер — бүл ми- 
дың сыртқы (қоршаған орта) жэне ішкі (ағзаның физиологиялық 
жүйе ретіндегі қалпы) эсерлерге жауабы, яғни психикалық құ- 
былыс — бұл нақ осы мезетте (түйсік, қабылдау) өткен тәжіри- 
беде болған (ее), осы әсерлерді қорытындьшап, немесе олардың 
нәтижесін білуге жэрдемдескен (ойлау, қиялдау) тітіркен- 
діргіштерге жауап эрекеттерді реттеуші тетік. Осылай И.М. Се­
ченев ғылымға психиканың рефлекстігі мен іс-эрекеттің 
психикалық басқарылуы жөніндегі идеяны қосты.
Іс-арекеттің рефлекторлық қағидаДтар өзінің эксперимен- 
талдық негіздемесін И.П. Павлов жэне оның шэкірттерінің 
еңбектеріңде тапты. И.П. Павлов Сеченевтің психикалық іс- 
эрекет мидың рефлекторлық қызметі екендігі туралы тағы- 
лымының дұрыстығын дэледеді, психикалық құбылыстың не- 
гізгі физиологиялық заңдарын ашты, ғылымның жаңа саласы 
— жоғары жүйке қызметінің физиологиясы, шартты рефлекс- 
тер жөніндегі білімнің негізін қалады. Ағзаға эсер етуші тітір- 
кендіргіштер мен оларға жауап реакциялар арасында 
уақытша
байланыстар
түзіледі. Осы байланыстарды пайда ету бас ми


қыртыстарының ең маңызды қызметі. Уақытша жүйке байла- 
нысы ми қызметі ретінде психикалық іс-әрекетгің қай бірінің 
болмасын негізгі физиологиялық тетігі болып табылады. Миға 
қандай да бір тітіркендіргіш эсер етпей, ешбір психикалық 
кұбылыс өздігінен туындамайды. Әрқандай психикалық үдеріс 
пен қалаған уақытша байланыстың соңғы нәтижесі тыс эсер- 
лерге жауап сипатындағы сырттай көрініс берген әрекет.
Психикалық қызмет осыдан объектив дүние заттары мен 
кұбылыстарының эсерінен туындаған мидың рефлекторлық 
бейнелеу жұмысы. Уақытша жүйке байланысын әрқандай пси- 
хикалық іс-эрекеттің физиологиялық тетігі деп танудың 
маңыздылығынан психологиялық құбылыстың физиологиялық 
құбылыстармен бірдейлігі келіп шықпайтынын есте сақтаған 
жөн. Психикалық іс-эрекет тек қана физиологиялық тетік 
сипатымен шектеліп қалмай, мидағы бейнеленген нақты дүние, 
яғни психикалық құбылыстың мазмұнымен байланысты. Жа- 
нуарлар мен адамдардың сыртқы ортамен сабақтастығының 
ми тарапынан басқарылып, реттелу зандылықтары жөніндегі 
И.П. Павлов тұжырымдарының жиынтығы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет