6.3. Таньш мен түсінісудегі қателіктер себебі Бірін-бірі түсінісуде адамдар көбіне шектен тыс өзімшіл,
субьекгивті, асығыс қорытынды жасауға бейімшіл келеді.
Адамның өзімшілдігі оның төңірегіндегілерге баға берудегі
өз қабілетін асыра дәріптеуінен келіп шығады. Өзінің кейбір
істерге байланысты ой-өрісі мен ептіліктерінің мұлтіксіз жұ-
мыс атқаруға жарайтынын пайдаланып, адам сипаттауда да
сол қабілетім жеткілікгі дегендей жаңсак, ойдың арбауында ка-
лып қояды да, нәтижеде назарға алған адамы жөнінде қате
пікірге тап келеді. Ал онысын өзі сезбейді де мойындамайды.
Мұның түпкі себебі — затгар мен жан дүниелі адамдарға болған
қатынастардың өзіндік ерекшеліктерін білмеуден.