Жоғарыда баяндалған тітіркену, сезу үдерістері тек бір жа-
сушалылар өмірін қамтамасыз ете алады, ал олардың көп
жасушалылар деңгейіне көтерілуімен пайда болатын тіршілікке
бұлар жеткіліксіз.
Көп жасушалылар дэрежесіне өту — тіршілік жағдайын кур-
дел ендіріп жіберді: қоршаған ортадағы бағыт-бағдар таңцаудың
белсенділік мәні артып, күрделі қозғалыстар мен қозудың жыл-
дам жүрісін қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды. Бұл көп-
жасушалылардың дене құрылымының күрделенуіне, тітіркенуді
сезуге байланысты арнайы жасушалардың пайда болуына,
булшық ету қысқарту-тарту жасушаларының түзілуі мен
тор
лы
—
тармақты
(диффуздық) сипатқа ие жүйке жүйесінің да-
муына әкелді.
Мұндай жүйке көрінісін, мысалы, медуза, актиния жэне теңіз
жүлдызшаларында байқауға болады. Бұл даму кезеңіне тэн
күбылыс: торлы жүйке жүйесіне орай қозу жүрісі бірқанша
жылдамдасады. Бірақ, тіршілік дамуында ұнамды із қалдыр-
ғанымен, диффуздық жүйке жүйесінің кемшілігі де бар: қозу
торлы жүйке тармақтарымен бүкіл дене бойлап теңдей тара-
лады. Сондықтан сырттан келген әсерді қабылдап, өндеп жэне
бейнелеп танитын жетекші мүшенің болмағанынан бүл деңгейдегі
тіршілік иесінін эрекет-қылығы шектеулі болатыны табиғи құ-
былыс. Мұндай кемшілік бұдан эрі эволюциялық даму ба-
рысында, әсіресі құрылыктағы тіршілік формасына өтумен,
диффуздыққа қаратанда бір шама күрделірек
Достарыңызбен бөлісу: