Педагогикалық диагностиканы іске асырудағы негізгі принциптерді анықтағанда, басты екі жолды бөліп қарауға болады. Бірінші жолда диалектика заңы мен В.И.Ленин негізін қалаған диалектикалық таным принциптеріне негізделген гносеологияның әдіснамалық талаптарына бағынады. Мұндай жолдың көрнекті өкілдерінің бірі Л.Н.Давыдова педагогикалық диагностиканы ұйымдастыруда педагог басшылыққа алуға міндетті негізгі бес принципті ұсынады:
Тұтастық принципі - педагогикалық диагностика жүргізілетін объектіні өзара байланысқан құрам бөліктерден тұратын, біртұтас жүйе ретінде қарастыру;
Негізгі бөлім принципі – зерттеліп отырған объектінің жұмыс істеуіне ықпал ететін, негізгі бөлімді анықтау;
Әділдік приципі - педагог бағалаған кезде жіне қорытынды жасағанда ғылыми тәсілді қолдануы қажет;
Детерминизм принципі – педагогикалық құбылыстардың себеп-салдарын, байланыстың көп түрлілігі заңдылығы және олардың өзара бағыныштылығын ескеру;
Анализ және синтез принципі – педагогикалық диагностика жүргізілетін объектінің мәнін анализ және синтез негізінде түсінуге болады. Анализдің көмегімен оның қандай бөліктерден құралғаны, қандай байланыстармен және қарым-қатынастармен сипатталатыны анықталады.
Екінші жолдың принциптеріне педагогика ғылымында бекітілген, педагогика ғылымында бекітілген, педагогикалық диагностикаға қойылатын негізгі талаптар жатады. Мұндай жолдың ұстанушыларының бірі А.И.Кочетов негізгі алты принципті анықтады:
Диагностиканың мақсаттылық принципі – балалардың рухани дүниесіндегі негізгі объектілеоді айқындау. Оқыту мен тәрбие берудің бірлігі принципі – мұғалім оқу үдерісін ұйымдастырғанда және әдістемесінде оқушының білім алуындағы нәтижелерін барлық жағынан есепке алауы қажет.Ал тәрбие беру үдерісі қатар жүреді; Ұжымды және тұлғалардың біолігін зерттеу бірлігі принципі; Педагогикалық диагностиканың үздіксіздігі принципі – балаларды тәрбиелеу және дамыту үдерісі үздіксіз болғандықтан, ұжымды және тұлғаны зерттеу тұрақты үдерісіке айналады; Дигностиканың ғылымның даму деңгейіне сәйкестігі принципі – балаларды зерттегенде ғылымда мақұлданған және нақты мағлұмат беретін әдістерді қолдану; Диагностиканың кешенді сипаты принципі – балаларды зерттеуде бірін-бірі толықтырып, әрбір бала туралы анық мәлімет беретін әдістер жүйесін қолдану.