Психологиялық жаттығулар жинағы І. ӘРіптестік қарым -қатынас тренингі психологиялық тренинг: ТҮсінігі, тарихы, міндеттері, Ұстанымдары



бет48/201
Дата23.05.2020
өлшемі1,93 Mb.
#70829
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   201
Байланысты:
Жігітбекова Б.Д.

37 жаттығу. Қатысушылар шеңбер құрап отырады.

Нұсқаулық: «Мен қазір кейбіреулеріңізге қандайда бір эмоционалдық күй белгіленген текшелер таратамын. Текшелерді алғандар, онда жазылғанды топ мүшелеріне көрсетпей оқиды,одан кейін кезекпен текшеде жазылған күйді бейнелеп көрсетеді. Біз зер салып қарап, қандай эмоционалдық күй бейнеленгенін түсінуге тырысамыз».

Жаттығу барысында жаттықтырушы қатысушыларға бейнеленген күйге қатысты өз пікірін білдіруге, кейін оны атауға мүмкіндік береді. Талқылау барысында көп жағдайда, қандай күйді танып- білу қиын, оны түсінуге не септігін тигізе алатындығы туралы олар айтылады. Әрбір эмоционалдық күй аталған сайын (мысалы, қуаныш) ең алдымен дұрыс жауап бергендерден, одан кейін топтың басқа мүшелерінен күйді анықтау барысына да қандай белгілерге мән бергендерін сұрауға болады. Мұндай талқылаулар адамның хал-жағдайын анықтау барысында негізге алуға болатын, вербалды емес көріністерді «банкін» құруға септігін тигізеді.


Сонымен қатар, аталмыш жаттығу жаттықтырушы қандайда бір күйді бейнелеуді ұсынған қатысушылардың қимыл- әрекетінде мәнерлікті дамытады.
38 жаттығу.

Жаттығуды орындау үшін қатысушылардың қатар саны тақ болуы тиіс. Алдын-ала барлығы «бірінші», «екіншіге» санақ жасайды. Барлық екінші нөмерлер орындыққа отырады, ал біріншілер олар отырған орындықтардың арқасында тұрады, жұпсыз қалған қатысушы бос орындықтың арқасында тұрады (айталық, оның есімі Айдын).



Нұсқаулық: «Айдынның міндеті өзінің бос орындығына отырғандардың біреуін шақыру. Бұл ойын ол үндемей, вербалды емес әрекеттер арқылы білдіру жеткізуі тиіс. Орындықта отырғандардың барлығы да бос орынды иеленгісі келеді. Орындықтың арқасында тұрғандардың міндеті- «өз қол астындағыларды» ұстап қалу. Бұл әрекетін ол орындықта отырған адамның орынын ауыстырғысы келген ойын байқап қалған сәтте, отырған адамның иығына қолын қойып үлгеруі арқылы жүзеге асыра алады. Қолыңызды «өз қол астыңыздағы» адамның иығына үнемі қойып тұру міндетті емес» .

Біраз уақытттан кейін жаттықтырушы қатысушыларға орындарын ауыстыруды ұсынады: отырғандар тұрады және керісінше. Әрі тұрғандардың біреуі бос орындықтың арқасына барып тұру керек болады.

Бір жағынан, жаттығу топ мүшелеріне орындарынан қозғалуға, шаршағандықпен, шиеленісті бәсеңдетуге мүмкіндік береді. Жаттығу көңілді өтеді, көңіл- күйді көтереді. Бұған қоса, жаттығу «Байланыс орнату» тақырыбы бойынша жұмыстың мазмұнымен тығыз байланысты. Тәжірибені дәйектей түсу үшін топқа «Сіз біреуді өз орындығыңызға шақырғанда, қандай әрекеттер жасадыңыз?», «Сізді бос орындықты иеленуге шақырғанды қалай түсіндіңіз?» деген сұрақтар қоюға болады.
39 жаттығу

Топ шеңбер құрап отырады. Әрбір қатысушыға өзіне жұп таңдау ұсынады, әрі серік таңдауда ол адаммен таныстығыңыз аз болуын негізге алуыңыз қажет.



Нұсқаулық: «Әр жұп басқаға кедергі жасамайтындай, ыңғайлы орынға орналассын. Бір- біріңізге қарама-қарсы тұрыңыз (бір- біріңізге жүзіңізді қаратып). Тапсырманы кім бастайды, ал кім жалғастыратындығын келісіп алыңыздар. Қазір тапсырманы бастайтын адам бүкіл денесімен, қолымен, көзімен басымен әртүрлі қимылдар жасайды. ал екінші қатысушы серігінің қимылдарын дәлдікпен қайталауы керек. Біршама уақыттан кейін менің белгім бойынша, серіктестер ролдерін ауыстырады».

Жаттығу топ мүшелеріне бір-бірін жақын сезінуге, моторлық рефлекция және антиципапция дағдысын меңгеруге, байланыс орнатуды жетілдіру шарттарын түсінуге қажетті бірқатар идеяларды және диадондық өзара әрекеттердің барысында пайда болған кедергілерді жою жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.

Қатысушылар өздерін басқа адамның орнына қою мүмкіндігін иеленеді. Талқылау барысында, нақты бір сәттерде, серігінің келесі әрекетінің түрі оны көрсеткенге шейін түсінікті болатындығы туралы ой туындайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   201




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет