Психологиялық зерттеулердің объективтілігіне қойылатын жалпы талаптарға мыналар жатады



бет3/3
Дата07.02.2022
өлшемі265,87 Kb.
#91845
1   2   3
Байланысты:
9 апта психология

Эксперимент әдісі.
Егер бақылауда зерттеуші өзін қызықтыратын психикалық үрдістердің байқалуын бейжай күтетін болса, ал экспериментте зерттеуші өзіне қажетті жағдайда жасайды. Сөйте отырып, экспериментатор оларды тұрақты қамти алады. Басқа зерттеушілермен бірдей жағдайда зерттеуді қайталай отырып, экспериментатор зерттеушінің әрқайсысының үрдістерінің дара ерекшеліктерін анықтай алады.
Экспериментатор өзінің жағдайына қарай тәжірибені жүргізу шартын өзгерте алады. Бұл эксперименттің негізгі артықшылығы, сонымен қатар ол оқу-тәрбие үрдісінде тәсілдерді табуға мүмкіндік береді.
Эксперименттің барысында арнаулы құралдар мен аппараттардың көмегімен психикалық үрдістер өзгерістерінің уақытын дәл көрсетуге болады, мәселен, жауап беру (реакция), оқу, еңбек, дағдылардың қалыптасу жылдамдығы.
Психологиялық зерттеулерде негізінен екі түрлі эксперимент қолданылады. Олар зертханалық (лабораториялық) және табиғи деп аталады. Зертханалық эксперимент арнайы ұйымдастырылып, құралдар мен аспаптарды қолдану арқылы жүргізіледі. Зертханалық эксперимент адамның психикалық ерекшеліктерінің физиологиялық тетігін зерттеуде ерекше. Бұл әдіс жекелеген таным үрдістері мен психикалық қалыпты тиімді зерттеу үшін қолданылады, ең алдымен, түйсіктер, қабылдау, ес, зейін зерттеледі. Мәселен, қабылдаудың жылдамдығы, зейіннің көлемі, ес ассоциациясының ерекшелігі қарапайым немесе электрондық тахистас көп сияқты құралдар көмегі пайдаланылады.
Ғылыми білімнің саралануы мен дамуында тәжірибелік әдіс жетекші рөл алатындығы дәлелденді. ХІХ ғасырдың екінші жартысында психология өз алдына жеке ғылым ретінде философиядан бөлініп шығуы оның эксперименттік ғылым болуынан туындаған үрдіс еді. Лабораториялық эксперименттің нәтижелілігі мына төмендегі жағдайлардан пайда болады.

  • Байқалатын объект жөнінде экспериментатордың күн ілгері болжамы (гипотеза) болуы тиіс.

  • Тәжірибені күн ілгері белгіленген жоспар бойынша арнаулы методикаға (әдістеме) сай, сондай-ақ тәжірибені өткізу үшін жағдайын (тиісті құжаттар) дайындау.

  • Зерттеуші зерттейтін құбылысты өзі табады және оған белсенді әрекет жасайды.

  • Эксперимент жүргізуші кейде зерттеліп жатқан құбылыстарды коррекциялау;

  • Эксперименттің нәтижесін қайтадан қарастыруға мүмкіндік туғызу.

  • Эксперимент нәтижелері сандық және сапалық өңдеуге, математикалық есептеулерге ерекше мән беру т.б. Табиғи эксперименттің зертханалық эксперименттен өзгешелігі адамның күнделікті іс-әрекетінің мазмұны сақталады, зерттелетін құбылысты міндетті түрде іске асыруға жағдайлар жасалады. Сонымен қатар табиғи экспериментте байқау әдісінің және эксперименттің жағымды сапалары араласып келеді: біріншінің табиғилығы, екіншісінің белсенділігі. Байқау мен эксперименттің аралық түрі болып есептелетін эксперимент табиғи эксперимент әдісі болып табылады. Табиғи эксперименттің негізін салған орыс ғалымы – А.Ф.Лазурский (1910). Оның негізгі мақсаты – зерттеудің эксперименттік сипатын болмыстық жағдайлармен ұштастыру.

Әртүрлі жас кезеңдерінде шәкірттердің танымдық мүмкіншіліктерін зерттеуде, жеке тұлғаны қалыптастырудың нақты жолдарын анықтауда рөлі ерекше. Адам психологиясына әсер ету, өзгерту құралы ретінде эксперимент пайдаланылады. Оның осындай түрі қалыптастырушы эксперимент деп аталады. Өзіндік ерекшелігі мынада: ол бір мезгілде зерттеу тәсілі, сонымен қатар зерттеу құбылыстарын қалыптастыру әдісі қызметін атқарады. Қалыптастырушы эксперимент үшін зерттелетін психикалық үрдістерге зерттеуші белсенді араласады. Қалыптастырушы эксперименттің негізін салушылардың бірі В.В.Давыдов, эксперименттің бұл түрін генетикалық-моделдеуші эксперимент деп атады. Ол балалардың психикалық дамуын зерттеуді, тәрбие және оқытудың бірлікте болуын қамтамасыз етеді. Демек, қалыптастырушы эксперимент шәкірттерді тәрбиелеу мен оқытуды дамытушы әдіс болып табылады.
2. Психологиялық ғылымның принциптері , ұғымдары және категориялары Психология психикалық құбылыстардың ( жан қуаттарының ) пайда болу , даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым . Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады . Психология ерте замандардан келе жатқан білім салаларының бірі . Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Греция . Психология термині гректің екі сөзінен тұрады . Псиюхе ( жан ) , екіншісі Логос ( сөз , ілім ) . Сөйтіп , бұл сөз Жан туралы ілім деген ұғымды білдіреді . Жалпы психология - психика дамуының жалпы заңдылықтарын , оны зерттеу әдістерін , теориялық принциптерін және оның ғылыми ұғымдарының қалыптасу жүйесін зерттейді . Басқаша айтқанда , бұл ғылым теориялық және эксперименттік деп аталады . Жалпы психолоия адамның танымы мен практикалық іс - әрекеттерін , түйсіну мен қабылдауын , ес пен қиялын , ойлау мен сөйлеуін , ерік жәгері мен сезім - күйлерін , адамның өзін - өзі меңгеруінің жалпы заңдылықтарын қарастырады . Жалпы психология ғылымын зерттеу нәтижелері бұл пәннің барлық салалары мен тармақтарын дамытып отырудың іргетасы болып есептеледі . Сондықтан бұл пәнді меңгеруде мынадай үш мәселені бөліп қарастырамыз : а ) психикалық процестер ә ) психикалық кейіп , б ) психикалық қасиеттер немесе адамның ара психологиялық ерекшеліктері.
3.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет