Психологияның қасиеттері Түйсік Қабылдау Қиял Ойлау Зейін Ес - Елес Сөйлеу Эмоция Темперамент Сезім Мінез Қабілет Ерік Әлеуметтік психология - адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерімен айналысады. Бұл сала адамдардың белгілі бір негізде ұйымдасқан топтары мен кездейсоқ топтары арасындағы өзара қарым-қатынастағы психологиялық құбылыстардың сырын зерттейді.
Бұл мәселелердің құрамына жалпы бұқаралық байланыстар: радио, теледидар, баспасөз т.б. кіреді. Әр түрлі топқа жататын адамдарға осы құралдар арқылы алуан түрлі хабарлар, көпшілікке тән талғамдар, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер, иланулар мен сенімдер, қоғамдық көңіл-күйлер жайлы әсер етудің психологиялық астарлары жеткізіледі.
Педагогикалық психология - адамға білім және тәрбие берудің психологиялық заңдылықтарын зерттейді. А) оқыту психологиясы - дидактиканың психологиялық негіздерін, оқыту мен білім берудің негізгі әдістемелік мәселелерін, балалардың ақыл-ойын қалыптастыру сияқты өзге де мәселелерін зерттейді;
Ә) тәрбие психологиясы - гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінің психологиясын зерттеп, оқушылар ұжымының, еңбекпен түзету педагогикасының психологиялық негіздеріне қатысты мәселелерді қарастырады
Тармақтары:
ЕҢБЕК ПСИХОЛОГИЯСЫ - адамның еңбек ету әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастырудың психологиялық аспектілерін зерттейді және психология ғылымының жеке саласы Еңбек психологиясы Инженерлік психология
Ғарыш психологиясы
Авиация психологиясы
Спорт психологиясы - спортшылардың іс-әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерін қарастырыды. Психологиялық даярлығын іздестіре келе, оларды жаттықтыру және күш-қуатын жинақтау деңгейін, жарыстарды ұйымдастыру, өткізу мәселелерінің психологиялық факторларын зерттейді.