Психологияны оқыту принциптері



бет5/6
Дата08.11.2023
өлшемі334,28 Kb.
#190114
1   2   3   4   5   6

Теориялық білім мен эмпирикалық білімнің бірлігі принципі. Бұл принцип нақты мен абстракцияның бірлігі сияқты дидактикалық принципті нақтылау болып табылады. Бұл принципке сәйкес психологияны оқытуда бір жағынан, теориялық идеялар және олардың логикалық негізделуі, екінші жағынан, олар сүйенетін эмпирикалық деректер, оларды көрсететін нақты мысалдар өзара үйлесіп жатуы тиіс. Өкінішке орай, психология оқулықтарында және дәрістерінде нақты деректер мен мысалдарға негізделмеген теориялық тұжырымдар едәуір басым болады немесе практикалық психология саласынан алынған көптеген қызықты психологиялық зерттеулер, тәжірибелер, мысалдар көп кездеседі.

  • Теориялық білім мен эмпирикалық білімнің бірлігі принципі. Бұл принцип нақты мен абстракцияның бірлігі сияқты дидактикалық принципті нақтылау болып табылады. Бұл принципке сәйкес психологияны оқытуда бір жағынан, теориялық идеялар және олардың логикалық негізделуі, екінші жағынан, олар сүйенетін эмпирикалық деректер, оларды көрсететін нақты мысалдар өзара үйлесіп жатуы тиіс. Өкінішке орай, психология оқулықтарында және дәрістерінде нақты деректер мен мысалдарға негізделмеген теориялық тұжырымдар едәуір басым болады немесе практикалық психология саласынан алынған көптеген қызықты психологиялық зерттеулер, тәжірибелер, мысалдар көп кездеседі.
  • Көрнекілік принципінің мәні оқуда сезім мүшелері мен бейнелерді қолдану мүмікндігінде. Ең маңыздысы көру бейнелері. Біріншіден, студенттер мен оқушыларда көру анализаторы жетекші роль атқарады, екіншіден, ақпараттың көру арқылы танылуы материалды терең түсініп жақсы игеруге мүмкіндік береді.
  • Психологияны оқудың өмірмен, тәжірибемен байланысы принципі. Оның мәні психологиялық түсініктер мен заңдылықтар ғылыми зерттеулермен ғана түсіндірілмей, студенттер мен оқушылар күнделікті өмірде кездесетін өмір шындығы арқылы түсіндіру болып табылады.

Оқытуда жас ерекшелікті ескеру принципі.

  • Оқытуда жас ерекшелікті ескеру принципі.
  • Жасөспірімдік кезең өзге де психологиялық жас кезеңдері секілді ерекше үстем тұрған қажеттіліктермен, тұлғаның сапалық жаңа құрылымдарымен, сензитивтілігімен, психикалық өмірдің өту ерекшелігімен сипатталады.
  • Жоғарыда аталған принципті нақтылай келе біз жасөспірімдік кезеңнің келесі сипаттамаларын есепке алдық.
  • 1. Жасөспірімнің жалпы мотивациясы қарым-қатынасқа ауысады. Мұнда қақтығыстар болады, құндылықтарды қайта қарастыру және өзін-өзі орнықтыру қажеттілігі қанағаттаныдырылады.
  • 2. Жасөспірім ересектік және «Мен» бейнесінің қалыптасуына байланысты өте күшті әсерлерді бастан кешіреді. Сонымен қатар мұнда жыныс бейнесімен идентификациялану (теңестірілу) жүреді.
  • 3. Абстрактылы ойлау түрінің қарқынды дамуы ойлау тәсілдерінің өзгеруіне, оның әлеуметтенуіне әкеледі, осының нәтижесінде қоршаған ортаға және өзіне деген көзқарасы өзгеріске ұшырайды.
  • 4. Өзіндік сана мен рефлексияның белсенді қалыптасуы өмір және өзі туралы көптеген сұрақтарды туындатады. «Мен қандаймын?» деген сұрақ жасөспірімде өзінің мүмкіндіктерінің қорын іздейді.
  • 5. Дамудың қорғаушы күшіне тұлғаның ішкі құраушы компоненті болып табылатын қызығушылықтар жатады. Эмансипация реакциясы айқын көрініс табады, осыған сәйкес өзін-өзі өзектендіру де көрініс береді.
  • Оқытудағы жас ерекшеліктерді ескеру принципін жүзеге асыру тәжірибеде екі тәсілмен шешіледі.
  • 1. Мазмұн арқылы. Оқу курсы мазмұнының елеулі бөлігін «жас ерекшелік қажеттілігі» болып табылатын ақпарат құрайды және сол себепті ол жасөспірім үшін маңызды болып табылады. Осылайша әрбір жас сипаттамасына белгілі-бір категория сәйкес келеді: қарым-қатынас мәселесі – «қатынас» категориясы, өзіндік сананың даму мәселесі – «даму» категориясы.
  • 2. Әдістер арқылы. Курста бағдарлама мазмұнына қарамастан жасөспірімнің көрсетілген қажеттіліктері мен «жұмыс істейтін» әдістер тобы қолданылады.
  • Жеке тұлғадан келу принципі
  • Аталған принципте нақты аудиторияның ерекшеліктреі мен қажеттіліктері туралы айтып отырмыз. Мұғалімнің осы принципті меңгеруі дегеніміз педагогикалық жағдайда психологиялық контекстпен жұмыс істеу дегенді білдіреді. Яғни оқытудағы тек жүріс-тұрыспен қатар түрлі деңгейде жағдайды талдай білу, яғни жасөспірімнің мадақтауға және нашар әсер қалдыруға деген қорқыныш сезімталдығы жатады.
  • Мұнда мұғалімнің топтың психологиялық ахуалына назар аудара білуі маңызды болып табылады. Ол индивидпен, микротоптармен және жалпы топпен не болып жатқанын аңғара білуі тиіс.
  • Қанша индивид болатын болса, сонша «топ» ахуалы болады. Әрбір оқушы түрліше мұғаліммен өзара әрекеттестікке түседі, құрдастар тарапынан әр түрлі көзқарастарға ие болады.
  • .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет