Психологияның құрылымы және әдістері Психологияның басқа ғылымдар жүйесіндегі орнын тануға орай психологиялық деректердің басқа ғылымдарға пайдалану мүмкіндіктерін және керісінше, психология олардың нәтижелерін өзіне қалап қолданатынын жете түсінуге болады. Әртүрлі тарихи дәуірлердегі ғылымдар арасындағы психологияның орны жантаным білімдерінің даму деңгейі мен сараптау схемасынан келіп, шығады. Атап айту керек, қоғамның рухани даму тарихында бірде бір білім саласы ғылымдар жүйесіндегі өз орнын психология сияқты жиі өзгертіп тұрған емес. Қазіргі күнде академик Б.М.Кедров ұсынған сарап әдісі қабылданған. Бұл әдіс ғылымдар арасындағы мазмұндық жақындыққа орай көп тарапты байланыстарға негізделген. Ұсынылған схема шындарына жаратылыстану, әлеуметтік және философиялық ғылымдар қонақтаған- үш бұрыш формасында. Ғылымдардың негізгі тобының мұндай орналасуы олардың пәні мен әдістерінің психология пәні мен әдістеріне нақты жақындығынан. Зерттеу барысында қойылған міндеттерге орай психология өз бағытын бұрыш шыңдарының біріне бұрып отырады.
Психологияның жалпы ғылым білімдер жүйесіндегі қызметі – зерттеу обьекті- адам болған барша ғылым салаларының жетістіктерін біріктіріп байланыстыру.
Психологияның негізгі міндеті Психологиялық іс-әрекет заңдарын даму барысында зерттеп, тану. Осы заңдар арқылы обьектив дүниенің адам шыңында қалай бейнелейтіні, осыған орай оның әрекеттері қалай реттелетіні, психологиялық қызметтің дамуы мен жеке адамның қасиеттері қалай қалыптасқаны айқындалады. Психологияның обьектив шындық бейнесі екені белгілі, сондықтан психологиялық зерттеулер ең алдымен психикалық құбылыстардың, адамның обьектив өмір шарттары мен қызметіне тәуелділігін тануға бағытталуы тиіс. Сонымен бірге, адамдардың әрқандай іс-әрекеті барлық уақытта адам өмірінің обьектив жағдайларымен байланысып қалмастан оның субьектив мезеттерімен де қатынаста болады.
Ғылыми психология барша психикалық құбылыстың (қанша күрделі болмасын) материалдық негізі бас миы қыртысындағы арқа сүйей отырып, субьектив және обьектив жағдайлардың өзара ықпалды болатынын шынайы заңдылықты дәлелдеуге негіздеп бере алады. Осы байланыстардың түзілуі және олардың қызметтес болуынан психикалық құбылыстар адам іс-әрекетіне ықпал жасап, оны реттеп, бағыттайды, шындықты санада бейнелеуде адамға өз әсерін тигізеді.
Сонымен, психикалық құбылыстардың адам өмірі мен әрекетінің обьектив жағдайларына тәуелді заңдылықтарын аша отырып, психология осы әсерлердің мидағы бейнелену механизмдерін де айқындайды. Осыған орай психология физиологиямен дәлірек айтсақ, жоғары жүйке қызметі физиологиясымен бірге өте жақын байланыста болуы сөзсіз.
Психологияның дербес ғылымға айналуында оның ХІХ ғ. Басталған жаратылыстану ғылымдарымен бірлікте зерттелуі үлкен маңызға ие болады. Осы байланыс нәтижесінде психологияға экспериментальдық әдіс енді ( Г.Фехнер), рефлекторлық теория ашылды. Қазіргі заман психология проблемаларының зерттелуі Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясына да үлкен ықпалын тигізіп, тіршілік иелерінің құбылмалы орта жағдайларына икемделудегі психиканың ролін анықтауға жоғары психпкалық әрекет формаларының қарапайым түрленден туындайтынын түсінуге мүмкіндік берді.
Психолог жеткілікті дәрежеде өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіндегі ерекшеліктері айыра білуі қажет, әсіресе , біртекті сулы ортада жасаған бір жасушалылардың клеткалы өмір тұрпатынан қоршаған ортада белсенді бағдар-бағыттылықты талап ететін құрлықтағы тіршілік иесі көк жасушалылардың күрделі өмір формасына өтудегі өзгерістерін анықтап білген жөн. Жәндіктер дүниесі мен жоғары омыртқалылардың тіршілік принциптері арасындағы айырмашылықтарды да білгеннің маңызы үлкен. Икемдеудің жалпы биологиялық прициптерін білмей, жануарлар қылық – әрекеттерінің ерекше бітістерін дәл түсіну мүмкін емес, ал онсыз адамдардың күрделі формадағы психикалық әрекеттерін биологиялық тұғырына айырылады. Сонымен бірге естен шығармайтын жайт психология ғылымының пәндік негізін құрайтын деректерді ешуақытта биологиялық деректермен байланыстыруға болмайды.
Психология үшін оның қоғамдық ғылымдармен байланысы үлкен маңызға ие. Тарих, экономика, этнография, әлеуметтану, өнертану, заң және т.б. зерттеулеріндегі проблемалар әрдайым психологиямен тікелей байланысты. Көп жағдайда адамдардың және ұжымдық әрекеттерінің механизмі, әрекеті, әдет, әлеуметтік бағыт, тәртіп-талап, стереотиптерінің қалыптасу заңдылықтары жөніндегі білімдерді пайдаланбай, кәйіп, сезім, психололгиялық климатты танып білмей, жеке адамның ерекшеліктерімен психологиялық қасиеттерін, қабілетін сезімін, мінезін, адамаралық қатынастарын зерттемей, әлеуметтік процестер мен құбылыстардың мәні толық ашылмайды, яғни ықшамдап айтсақ, әлеуметтік процестерді зерттеуде психологиялық факторды ескеру заңды қажеттілік. Психологиялық факторлар өздігінен әлеуметтік процестерді бағыттай алмайды, керісінше олардың өзін осы қоғамдық процестерді талдау арқылы түсіну мүмкін. Адамның психологиялық іс-әрекетінің негізгі формалары қоғамдық тарих шарттарына орай туындап, дәстүрлі обьектив іс-әрекет жағдаййында өрісін тауып, еңбекке еңбек құралы мен тілді қолдануға байланысты қалыптасады. Келтірілген пікірлер психологияның қоғамдық ғылымдармен болған байланысының маңыздылығын дәлелдеп тұр. Егер жануар қылық – әрекетінің қалыптасуы тіршіліктің биологиялық жағдайларына түбегейлі тәуелді болса, адам қылығының қалыптасуы қоғамдық тарих шарттарымен ажырамас байланыста. Ең алдымен психолгиялық әрекет-қылықтың адамға тән ерекшелігін зерттейтін психоллогия ғылыми қоғамның негізгі заңдарын қорытушы әлеуметтік ғылымдар деректерінсіз бір қадам да ілгерілей алмайды. Адамның психикалық әрекетіне арқау болатын қоғамдық шарттарды зейінділікпен көре білу психологияның берік ғылыми тұрғыға орнығуына мүмкіндік береді.