Психологтың кәсіби этикалық принциптері



Дата06.02.2022
өлшемі18,6 Kb.
#81895
Байланысты:
Психологтың кәсіби этикалық принциптері


Психологтың кәсіби этикалық принциптері
Этика – жүріс-тұрыстың нормасының бірлестігі, қандай да бір қоғамдық топтың моральі. Кез келген кәсіптік топтарда өзіндік нормалары, кәсіптік жүріс-тұрыстың ережесі болады. Солардан бірлескенде кәсіптік этика қалыптасады. Мысал ретінде, ғылыми этика, дәрігерлік этика.
Психологтың кәсіптік мінез-құлқы-адамдың ішкі дүниесімен, тұлғасымен жұмыс істеуі. Бұл объектпен жұмыс барысында принцип және этикалық принциптерді ұстауын талап етеді.
Этикалық принциптердің негізгі екі деңгейін бөліп алуға болады:
1. Анық. /айдан анық/, және бір жағынан «қарапайым» принциптер, мысалы, «клиентке дауыс көтерме», «клиентті ұрма», «клиентке түкірме» , «оны жарақаттама» және т.б. Осындай ережелер әрине қабылданбалы болып табылады, бірақ, өкінішке орай, кейде олардың бұзылатын кездері де болады.
Мысалы, психолог-кеңесші клиентті негізсіз ренжітеді, оны ашуландырып, кейбір жағдайларда қарама қайшы әдістерді қолданады. ( бірде, кәсіби кеңесші маман абыржыған, жартылай жалаңаш денелі жасөспірімге қараңғы бөлмеде «иновация» деген желеумен инемен емдеу әдісін қолданған). Сондықтан осындай «айдан анық» деңгейді бөліп қарастыру заңды.
2. Төменде дәстүрлі этикалық принциптер туралы айтылады.
Бүгінгі күні психологияда бірдей, танымал болған этикалық жүйе принциптері жоқ, дегенмен осындай жүйені жасау әрекеттері бірнеше рет қоланылды және қолданылады.( см. Карандашов В.Н., 1999. – С. 123-132; Кодекс профессиональной этики... ВНР, 1983; Профессиональный кодекс этики для психологов... Мадрид, 1990; Толстых, 1988 и др.).
Талдау және жинақтау негізінде әртүрлі этикалық жүйе ішінен жиі еске алатын этикалық принциптерді бөліп алуға болады, сондай-ақ осы принциптер бастапқыда сұрақтар туғызғанымен, осы бірнеше принциптерге түсінік беру маңызды.
1.Зиян келтірме! Психологияның көптеген практикалық бағыттарында қолданыста болатын (мысалы, кәсіби кеңесу практикасында) осы принцип өзінен- өзі түсінікті, анық деңгейге жатады. Егер кәсіби кеңесші жұмыс барысында қанша адамға «зиян келтірмегені» туралы есеп беріп отырса таңқаларлықтай әрекет болар еді. Кәсіби кеңесші үшін шын мәнінде өз конструкциялық жағынан шешімге келу принципін ұстануы, аурудың тұрақтануын да жетістік санайтын психиатрия мен психотерапия саласының әрекеттеріне қарағанда аталған принцип әлдеқайда тиімді болып саналады: жақсырақ жаса!
2. Бағалама! Бағалаусыз (сонымен бірге оң істерді) жұмыс істеу мүмкін емес, кейде бұл принцип «таңба салма» ұғымын толықтырады. Нақтырақ айтқанда: теріс бағаны дауыстап айтпа! Оның орнына мынандай жұмыстарды ұйымдастырған жөн болар еді, «жетілген» клиент белгілі бір деңгейде өзінің кемшіліктері туралы айта бастаса, ал психолог-кеңесші «соншалықты жаман емес» екендігін түсіндіріп отырса.
3. Адамды қандадай болса, сол қалпында қабылда! Бұл принципке ерекше мән беру қажет. Л.А.Петровская [55], К.Роджерстің тәсілдерін талдай келе, «Роджерстің терапевті бекіту кезінде «сөзсіз қабылдау» деген ойын, бұл «клиенттің» сезіміне қатысты және бұны оның іс-әрекетінен бөліп қарастыруға болмайтынын ескеру керек. Психологқа, терапевтке деген өзіндік құрмет сезімерінін білдірудің құқығының тиімді гаммасын назарда ұстау керек» (Перовская, 1982. - С. 36).
Сонымен бірге адам (клиент) жиіркенішті сапаларға ие болуы мүмкін және ондай клиентті «сөзсіз оң қабылдау» алдамшы әрекет болып көрінуі мүмкін. (у К. Роджерса поетому и сказоно – «предпологает одобрения всего его поведения»). Орыс дәстүрінде «қабылдау» сөзі көп нәрсені міндеттейді.
Мысалы, С. И. Ожегованың (1975) «Орыс тілі сөздігінде» мынандай сөздердің мағынасы қарастырылған: «бір нәрсені құптау, бір нәрсеге оң көзбен қарау»; «мойындау, ескеру». Бірақ орыс тілінде басқа да сөздер бар - «түсіну», мысалы оңбағанның іс-әрекетін «түсінуді» әрдайым көздей бермейтін «мойындау» және «оң қарым-қатынас» ұғымдары.
Сондықтан (түсініспеушілік пен бұрмалаушылықтан сақтана келе) осы принципке: «Психолог сенім білдіріп келген әрбір клиентті түсінуге міндетті» деген азырақ өзгерту енгізсек оңайырақ болар еді.
Сонымен қатар, кейбір атақты психотерапевтер, мысалы В.Франкл, адамның «трансқа енуіне», яғни оның сол қалпында қалмай «өз шеңберінен шығуына» жағдай жасауға шақырады. «Егер біз адамды сол қалпында қабылдасақ, оған қиянат жасаған болар едік, - дейді В.Франкл, сонымен бірге ұлы Гетені негізге ала отырып.- Егер біз адамдармен өздері қалағандай қарым-қатынас жасасақ, сонда ғана оларды тура жолға саламыз». Барлық логотерапия « әлді болуға» негізделген. Байқағандай, басқа адамды «қабылдау» және «түсіну» жағдаяттары оңайға түспейді.
4. Кәсіби құпияларды сақта (құпиялылық принципі). Бірақ бұл принципті тура мағынасында түсінбеу керек.
Мысалы, кәсіби кеңесшінің мектептегі жұмыс барысында әкімшілікке өзінің жұмыс нәтижелерін (өзінің жалпы жоспарынан), көрсетуіне тура келеді. Өйткені, әкімшіліктің де психолог-кеңесшінің қарауындағы оқушылармен қандай жұмыс жасап жатқанын білуге құқығы бар. Оқушылар «мен туралы не айтса да, маған бәрібір» десе де, оған қандай да бір залал келтіретін ол туралы мәліметтерді жария етуге болмайды.
Клиентке зиян келтіретін және зиян келтірмейтін әрекеттерді анықтап алу үшін мол тәжірибе мен кәсіби «сезім» (жағдайды сезіну) керек.
5. Жұмыстағы әріптестеріңді құрметте, олардың өзіндік кәсіби шығармашылықпен айналысуына және жұмыс істеу әдістерін қолдануына құқықтары бар. Сын және дискуссия әрекеттері дәлелді әрі тактикалық құрылымды болу керек. Құрылымдық сынның мінсіз нұсқасы – әлі жүзеге аспаған жаңа әдісті (немесе психолгиялық-педагогикалық тәсіл) тиімді әрі қызықты етіп шығаруға көмек беру. Бірақ бұл әрекетке барлығы бірдей қабілетті бола бермейді, бұл жағдайда өзінің «бұны жасауға батылы жеткен» адамның ісіне деген қызғаныш сезімін жеңуі қажет болады, сонымен қатар жұмыстағы қалыптасқан таптаулардың шеңберінен шыға білу және тіпті әлі әлсіз жаңалықтың өзінен жарқын тұстарын байқай білу керек.
6. Клиент пен оқушылардың көзінше әріптесіңмен жұмыс туралы ара қатынасыңды анықтаудың қажеті жоқ. Әрине, егерде мұндай қарым-қатынас дөрекі түрде өтсе, онда клиент (немесе оқушы,студент) Сізді жазғырып жатыр деп ойлайды. Өзіңіздің қателікке бой алдыруыңыздың салдарынан Сізге деген клиенттің сенімін біршама төмендетіп аласыз. Қандай жағдайда болмасын ең алдымен әріптесіңізді клиенттің көзінен тыс, басқа жерге алып кету керек.
7. Кәсіби құзіреттіліктің принципі: даярлықтан өтпеген мамандарға күрделі психологиялық әдістерді ұсынба, және бұны қажетті деңгейде меңгере алмасаң өзің де қолданба. Егер де жұмысыңа әріптестеріңді (қызығушылық тудырған педагогтар, әлеуметтік қызметкерлер және т.б) кірістіру қажеттігі туындаса, онда психолог оларды жұмыс барысында өзінің кейбір әдістерін қолдануына және оларды дұрыс пайдалануды толықтай жауапкершілігіне алуға даярлау керек.
8. Клиентпен тым ашық сөйлеспе. Оның өзіңнің ішкі құпияларыңды(әрбір адамның ішінде ешкімнің білуіне мүмкіндік бермейтін аз да болса ішкі сыры болуы керек) ашуына бөгет бол, сонымен қатар клиентпен ара қашықтықты сақта, әйтпесе оның сенімі мен құрметін бәсеңсітіп алуың мүмкін.
9. Клиентті өзінің іс-әрекетіне жауап беру құқығынан айырма. Психологиялық көмектің маңызды мақсаты тек клиенттің нақты жағдаятын шешу ғана емес, сонымен қатар өз тағдырына деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру болып табылады. Тек клиент мұндай жауапкершілікке дайын болмаған жағдайда (немесе психологтың өзі де осы клиентке көмек беруге дайын емес екендігін сезінгенде), шешім шығағарудың негізгі жауапкершілігін өз мойнына алу керек. Бірақ бұл жауапкершілік адамның өмір бойғы өз жауапкершілігінің орнын алмастыра алмайды. «Құдай тағаланың алдындағы» немесе Өзінің Арының алдындағы жауапкершілікті психолог мойнына ала алмайды ғой.
10. Өзіңнің біліміңді жұртқа жариялама, клиенттің ережелер мен қорытындыларды өздігінен тұжырымдауына көмек беруге талпын. Бұл принцип мына жағдайларда көрініс табуы мүмкін, клиент бірдеңе айтқысы келгенде, тіпті психологтың өзі «айтатынын әлі айтып болмаған» жағдайда, және клиент «қандай да бір ойсыз» пікір білдіргенде де психолог әрдайым сабыр сақтауы керек.
11. Клиентті жалғандыққа итермелеме. Кейде психологтың «өз беделін түсірмеуі үшін» немесе «имиджін сақтап қалуы үшін», бастапқыда айтылған жалғандықты мойындауға жүрексізденгендіктен, өзі білмейтінді айтуына тура келеді. Қабылданған мұндай қате шешімдер клиенттің тағдырына нұқсан келтіруі мүмкін. Ұқсас принцип басқа этикалық жүйе арасынан айқын көрінеді, көбінесе Испания психологтерінің «Этикалық стандарттарынан»: «Пункт 36. Егер сынақтың шарттарына байланысты жалған әрекеттер қолданылса, онда бұл әрекеттің тәжірибеге қатысушыларға ұзақ уақыт бойы залал келтірмейтіндігіне көз жеткізу керек, және қандай жағдайда болмасын тәжірибе бағдарламасы аяқталған соң тәжірибенің сипаты мен алдау қажеттіліктерін ашып көрсету керек». Бірақ психологиялық кеңес беру кезінде «ащы шындықты» (шындықты көзге айту) айтудың әсерінен клиенттің жанына жара салып, өмірлік жағдайын қиындататын жағдайлар туындап жатады.Аталған принцип басқа маңызды принциптерге қарама-қайшы болып келеді. Мысалы, «Зиян келтірме!» принципі немесе «Клиентті бағалама!» (Клиентке таңба салма!) Бұл принцип «Клиентті алдама» деген принциппен үндеседі. Бір қызығы , бұл «қажетті жалғандықты» бұрынғы ойшылдардың кейбірі теріс көрмеген.
Мысалы, ағарту дәуірінің философы Х.Вольф , егер адамның басында жалған айтуға тура келетін жағдай болса және мұндай өтірік басқа адамға зиянын келтірмесе, онда бұл әрекетті құптауға болады деген.
А.А. Шопенгауэр қажеттіліктен туындаған өтірікті « жүдеу киімнің жамауына ұқсайтын жарымжан мораль» деп атап көрсетіп, бұл әрекетке өзінің түбегейлі қарсылығын білдірді.
Сонымен қатар, В.В. Знаков атап көрсеткендей, қазіргі таңда өтірік пен шындықтың қанағаттанарлық мәселесін шешу «мүмкін жағдай ма», және бұл «россиялық психологияның өзекті мәселелерінің бірі» (там же. С. 108-109). Бірақ практик-психологқа жұмыс барысында осындай мәселелерді шешуіне тура келеді, және қандайда бір нақты ұсынымдар дұрыс шешім қабылдауға негіз бола алады. Ал дамыған кәсіби ар-намыс, жағдайды түсіну тәжірибесіне негізделген.
12. Клиенттің психологиялық рәсімдерге ерікті түрде қатысу принципін сақта. Бұл принципті толық іске асыру, мектеп жағдайында кәдімгі психологтардың (ерекше дарынды емес) психологиялық және кәсібибағдарлы сабақтарына оқушыладың біршамасының қатыспауына әкеліп соғады (оларды «ерікті» деген ұғым қызықтырады, басқа іспен шұғылданғысы келеді, ал жасөспірімнің ондай істерінің көп екендігі белгілі. Сондықтан бұл принципті біршама нақтылаған дұрыс: еріктілік принципін есепке ал (жеке кәсіби кеңес өткізу кезінде, сауалнама алғанда, психотерапевтік және ойын түріндегі жұмыстар жүргізілгенде) принциптің міндеттілігін ескеру (семинарлар мен лекция түріндегі жұмыстар жүргізілгенде). Оқушыларды «бармай ақ қоюға болатын», ал қайда «міндетті түрде болу керек» деген ой толғандырмайды. Әрине, кеңес беру кезінде ересек клиенттер еріктілік принципін толыққанды қолдану керек (кәсіби кеңесшімен әңгімелесуді міндетті түрде өткізу жағдайын есепке алмағанда , клиент проблемаларын тереңірек қарастыру немесе ашылу дәрежесін өзі таңдауына құқылы).
13. Өзіңді адам және маман ретінде сыйла! «Психолог жұмысының басты құралы - бұл оның өзіндік тұлғасы». Тұлғалық ұғымды ең қымбат қазына деп айтуға болады, оны «құрал» ретінде қолдануға болмайды. Белгілі бір мақсатқа қол жеткізу құралы ретінде қолданған адам немесе тұлға жолындағының бәріне (жеке басы, достық, маххабат) нарықтық жүйеде игілікке жеткізетін тауар ретінде қарайды. Э. Фромманың айтқанынын мысалға келтірсек «Сізге қандай керек болса, мен сондаймын», бұнда адам «жеке бас нарығындағы» тауардың рөлін өз мойнына алғандығын көрсетеді, «Менің жеке бас ерекшелігім өзім қалағандай өзімді дамыту үшін емес, сіздердің жағдайларыңызды шешуге негізделеді»,-деп те айтуға болады. Егер маман өзіне-өзі «құрал» ретінде қараса, онда ол басқа адамға толыққанда көмек бере ала ма? Арнайы психологиялық әдістер, сонымен қатар психологтың ішкі кәсіби қызметі (оның білімі, тәжірибесі, ауызекі т.б қарым-қатынас құралдары) оның басты құралдары болып табылады. Өзімізді сыйласақ, клиенттерімізді жете түсініп, сыйлай аламыз!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет