Псориаз немесе Қабыршықты темiреткi — созылмалы жұқпайтын сырқат, дерматоз. Көбіне тері зақымданады.
Псориаз дегеніміз жынысына және жасына байланысты емес ауруларға жатады, ол әлем халқының 2-ден 4% -на дейін әсер етеді. Ауру кез-келген жаста пайда болуы мүмкін, бірақ 70% жағдайда ол 15-25 жаста көрінеді. Сондықтан псориаз жас ауруы деп аталады.
Этиологиясы: Осы күнге дейін бұл сұраққа жауап табылған жоқ. Псориаздың дамуы әсіресе стресстен кейін басталады, кейде ішкі секреция бездер жұмысының бұзылуымен байланысты.
Симптомы: ауруға шалдыққан адамның денесінде қызыл, құрғақ, терінің деңгейінен сәл жоғары көтеріліп тұрған дақтар — папулалар пайда болады. Көбіне бірнеше папула бірігіп, бляшкаларды құрайды.
Емі: антигистаминдiк және сенсибелизациялайтын (бөгде заттары сезiмталдықты төмендететiн) дәрiлер, тыңайтатын дәрумендер қабылдау және тәндi тазалайтын шаралар қолдану, арақ-шарап iшуден, темекi шегуден аулақ болу, салауатты өмiр салтын ұстану.