Пульс және оның қасиеттері.
Пульс – бұл жүрек жиырылуына жауап ретінде тамыр қабырғасының түрткен тәрізді тербелісі. Сол қарыншадан қолқаға ырғақты түсетін қан артерия арнасының ішінде тербелісті тудырады және тамырдың эластикалық керілуіне және артерия қабырғасының созылуына әкеледі.
Пульсті беткей жатқан артериялардан тексереді. Көбінесе үлкен адамдардың пульсін білезік артериясынан тексереді. Егер қандай да бір себеппен білезік артериясынан пульсті тексере алмасақ, онда самай, ұйқы, сан, шынтақ және басқа артерияларды қолданамыз (сур. 48).
Шеткі артериалды пульсті пальпациялау
А - білезік артериясында, Б – иық артериясы, В – ұйқы артериясы, Г – сан артериясы, Д – тізе асты артериясы, Е – артқы үлкен асық жілік артериясы, Ж – артқы табан артериясы
Пульсті білезік артериясында анықтағанда екі қолды бірдей тексеру қажет және айырмашылық болмаған жағдайда, бір қолда анықтауды жалғастырамыз (сур. 49 а, б). Науқастың қолы бос жатуы керек, өйткені сіңір және бұлшық ет керілуі пальпация жасауға кедергі болмауы керек. Зерттейтін а дамның қолы ыңғайлы, жартылай бүгілген қалыпта болуы қажет.
Сурет 49.
|
. .
Білезік артериясында пульсті тексеру
а – екі қолда, б - бір қолда
Шараның орындалуы:
1.Науқастың білезігін бір мезгілде төрт саусақпен алақан жақ бетіне және үлкен саусақпен сыртқы бетін қапсырып ұстау.
2. Екі қолдың II, III, IV саусақтарын науқас қолының білезік сүйегінің ұзына бойына қояды (саусақтың астында пульсі соғып тұрған жұмсақ, жіңішке, бірдей және серпімді түтікті сезу сезімі болады).
3. Артерияны аздаған күшпен білезік сүйегінің ішкі бетіне қарай басады (қатты басса пульстік толқын жоғалып кетуі мүмкін).
4. Пульстік толқын арасы арқылы пульстің ырғағын бағалау
5. 1 минутта пульстік соққы санын есептеу
6. Пульстің барлық қасиетін анықтау.
Пульстің қасиеті
Жиілігі —1 минуттағы пульс толқынының саны. Қалыпты жағдайда үлкен адамдардың пульс жиілігі жүрек жиырылу жиілігіне сай болады және минутына 60-80 соққыға тең. Егер пульс жиілігі минутына 60 соққыдан кем болса, бұл-брадикардия, егер 80 артық болса — тахикардия. Пульстің болмауы-асистолия деп аталады. Кейде пульс соққысы сандары жүрек жиырылу сандарынан кем болады (пульс жеткіліксіздігі). Бұл өте әлсіз немесе уақытынан бұрын жүрек жиырылу кезінде қолқаға қан аз мөлшерде түсуімен және пульстік толқынның шеткері артерияларға жетпейтіндігімен түсіндіріледі.
Ырғағы — пульстік толқындар арасындағы уақытша аралық. Егер ол бірдей болса, пульс ырғақты (үнемі); егер бірдей болмаса– аритмиялық болады. Қалыпты жағдайда пульстік толқындардың арасындағы уақыт бірдей болады. Жүрек аурулары бар адамдарда дұрыс ырғақ бұзылады, бұл аритмия деп аталады. Кейбір науқастарда жеке пульстік толқындардың түсіп қалуы (блокада) немесе уақытынан бұрын пайда болуы (экстрасистолия) және басқа жүрек ырғағының бұзылуын анықтауға болады.
Кернеу пульс соғып тұрған артерияны толық басу үшін зерттеушіге қажет күшпен анықталады (пульстің жоғалуы). Бұл пульстің қасиеті систолалық артериалды қысым көлеміне байланысты болады. Қалыпты қысым кезінде артерия аздаған күшпен басылады, немесе оны қанағаттанарлық кернеулі пульс дейді. Қан қысым жоғары болған сайын, артерияны басу қиынға соғады, сондықтан жоғары қысымда артерия қатты басылады - бұндай пульс керілген (қатты)деп аталады. Қан қысым төмен болғанда артерия жеңіл басылады - жұмсақ (керілмеген) пульс деп аталады.
Толу систола кезінде сол қарыншадан қолқаға түсетін қанның мөлшеріне байланысты болады. Қанның қалыпты соққы мөлшерінде және артерияның жеткілікті қанға толуы кезінде толық пульс сезіледі. Қанайналым бұзылғанда, қан кеткенде пульстің толуы азаяды, пульстік толқындар нашар ажыратылады - бұндай пульс бос деп аталады. Әзер сезілетін пульс жіп тәрізді деп аталады.
Сан артериясы шап аймағында жақсы байқалады, санды түзу күйінде сәл сыртқа қарай бұрған кезде –жеңіл тексеріледі. Тізе асты артериясынан пульсті анықтау үшін науқасты ішіне жатқызып, тізе асты щұңқырынан сезіледі. Артқы үлкен асық жілік артериясы ішкі тобық тілерсек астаушасында пальпацияланады; сыртқы табан артериясын табанның сыртқы бетінде, бірінші сүйек аралық кеңістіктің проксималды бөлімінде сезіледі.
Ұйқы артериясында пульсті тексеруді абайлап жүргізу қажет, кезекпен, артерия қабырғасын жайлап басып көруден бастау керек, өйткені жүрек қызметінің бірден баяулау қаупі, кейде оның тоқтап қалуы да болуы мүмкін. Клиникалық түрде бас айналу, естен тану, тырысумен көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |