Пунктуациясы


-жаттығу. Төмендегі өлеңді мәнерлеп оқып, дауыссыз әріптердің сөздің  қай шенінде келгеніне назар аударыңыздар.    Жаңа қазақтар



Pdf көрінісі
бет12/175
Дата11.05.2020
өлшемі1,36 Mb.
#67099
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   175
Байланысты:
767f84253bd59368c0d3f8a69b50ecc0

23-жаттығу. Төмендегі өлеңді мәнерлеп оқып, дауыссыз әріптердің сөздің 
қай шенінде келгеніне назар аударыңыздар. 
 
Жаңа қазақтар 
(үзінді) 
Жаңа қазақ, шала қазақ, жас інім, 
Алшысынан тұрды бүгін асығың. 
Саған қарап ойландым да жасыдым. 
Айырмаған азғыны мен асылын 
Мына ғасыр, бәлкім, сенің ғасырың. 
Мына ғасыр безбүйректеу өр ғасыр, 
Жүрегіңде сезім емес, қорғасын, 
Шетке қақты тұлпары мен жорғасын. 
Қақпай қайтсін, бәрін сатып алуға, 
Һәм сатуға мүмкіндігі болғасын. 
Сенде қазір думан дәурен, масат күн, 
Өзіңді-өзің бар жауаптан босаттың. 
Рухани байлыққа да тас аттың, 
Аудандағы жалғыз кітап дүкенін 
Сатып алып, сырахана жасаттың. 
 
Тез ашылып саудагерлік дарының, 
Таудан, тастан қайтпастай өр арының, 
Саудаладың Алматының жарымын. 
Ұлағатты ұлы қазақ елінде 
Сатылмайтын нәрселер де бар, інім. 
 
Жалғыз саған борыштыдай бар халық, 
Топ ішінде ісіп-кеуіп, нарланып, 
Кейкиесің қол беруге арланып. 
Дегенмен біз сені туған ұлттың 
Сатылмайтын қасиеттерін қорғадық. 
 
Көз көп қазір сыртымыздан сын айтар, 
Бәйтеректі мазақтаса құмай тал, 


 
17 
Ерден бұрын ел сенімін мұңайтар. 
Бірақ бізге өз ұлтыңды өзгеден 
Кем сүйесің деп, қанекей, кім айтар? 
(М.Шаханов) 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет