32
Жидебайға қайтардың алдында Абай әкесінен көші-қон жайын
сұрастырған.
(М.Ә.) Үлкен үй мен қонақ үйдің арасына тартылған
кермеде Құнанбайдың ер-тоқымы ерттелген ұзын торы ат тұр екен.
(М.Ә.) Ауыл үстінен қашқандарын иттер қуып, Ботақан бойы азан-
қазан болды.
(М.Ә.) Азынаулақ қойлар мен төртті-бесті ірі қараның
айналасында қатын-қалаш, кәрі-құртаң, ер-азамат көп-көптен келеді.
(М.Ә.) Үлкен күміс қаптырмамен бір-ақ жерден түймелеген
қызылмауыт камзолының қынама белі болымсыз желмен тербеле
солқылдаған көк шыбықтай сүйкімді.
(Д.Ә.) Ол орта жастарды
жағалатқан ашаң жүзді, мұрынды, жұмыр ақ саусақты Фан-Штейн
еді.
(Ғ.Мүс.) Бала у-шу, малай қиқу, мал маңырап, ит жаң-жұқ.
(Ж.А.)
Жасыбай көлі сол таудың қойнауында қызылды-жасылды кәрден
кесеге құйып қойған зәм-зәм суындай мөп-мөлдір.
(Б.М.)
54-жаттығу. Дефис арқылы жазылатын он-он бес кісі есімдерін жазып,
олардың қай тілден енгенін айтыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: