86
Ұмсынай Оның рас қой қарағым Сен бұрын түзге үйреніп қалдың
ғой Біздің жалғызды айтсайшы Әжең байғұстың да құр сүлдері
қалған шығар
Қанапия Қайтсін құдайдың салғанына көнеді де Жолдастар ұзап
кеткен шығар мен жүрейін дәм ауыз
тигізіңіз шеше
Ұмсынай Тигізейін қарағым Наннан үлкен дәм жоқ деуші еді
бауырсақ берейін қарағым Тәрелкеге бауырсақ салып орамал жайып
алдына қояды
Қанапия бір бауырсақты аузына салып Шәрбану сен де ал
Ұмсынай Қарағым Қанашпен бірге сен де же Бір дастарқаннан
дәм татқанша әлдене заман Шәрбану бір бауырсақ алады Мен алайын
Алып
жейді
Қанапия дастарқанды қайырып Абиыр бер Аман сақта Аллакпар
де
Бата қылады
Ұмсынай Ей жасаған-ай сақтай гөр
Қанапия түрегелді өзгелері де тұрады Қош енді шеше
Ұмсынайдың қолын ұстайды
Ұмсынай жыламсырап бетінен сүйіп Қош қарағым қош Шәрбану
құрбыңды аттандыр қарағым Қанапия Шәрбану шығады
(Ж.Аймауытов «Қанапия мен Шәрбану»)
139-жаттығу. Драмалық шығарманың тыныс белгілеріне назар аударып,
жұптаса оқып шығыңыздар. Қазақша киім үлгісі түрлерінің өзіндік
ерекшеліктерін айтыңыздар.
Айсұлу (ауыз үйден келіп, айнаға барып, шашын, кимешегін
түзетіп). Бәтіш-әй! Әй, Бәтіш!
Батима (төр үйден). Немене?
Айсұлу. Менің киімдерімді алып берші, қажының тойына
шақырып кетті ғой, барып келейін.
Батима. Киімің абдырада, төрдегі үйге барып кисеңші.
Айсұлу. Мен келгенше үйден шықпа. Біреу бірдеңені алып кетер,
жалғыз отыруға қорықсаң, Биғашты шақыртып ал. Екеуің ойнап
отыра тұр, мен де көп болмаспын.
Батима. Апа-ау! Биғаш жасыл сәтеннен бір көйлек тіккізіпті,
көрдің бе?
Айсұлу. Қазақша мекен? Ноғайша мекен?
Батима. Ноғайшадағы, осы күнде қазақшаны кім киюші еді?
Айсұлу. Кім тігіпті?
Батима. Мәдескеге тіккізіпті, бойға бір түрлі қонады.
87
Айсұлу. Мәдеске тіккен соң, жаман бола ма?
Батима (белін қысып). Белі денеге жабысып тұрады, етегі
былайлау кең келген. (Омырауын көрсетіп.) Мынадан былай тағып
тастаған, үлкен жасыл түйме, етегі келтелеу бір түрлі жарасады!
Айсұлу. Тәйірі, орыстікіндей сылаңдаған бірдеңе де.
Батима. Апау, осы ноғайлардың өзі орысша киіп жүрген жоқ па?
Жаңа моды сол емес пе?
Айсұлу. Етекті қымтауға келмеген соң не киім сәндігі бар?
Батима. Ие, бәрібір, көк паплиннен сондай бір көйлек тіктіріп
аламын.
Айсұлу. Қоя тұр енді не болса соған әуес болмай.
(Ж.Аймауытов «Сылаң қыз»)
140-жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқып шығып, нүктенің қойылуына назар
аударыңыздар. Қалай сәлемдесу керектігіне мән беріп, оны есте сақтаңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: