99
адамды езетін адамның баласы болма, адамды езетін адамды адамға
да санама...
Әрине, адам өмірінде көп қиындықтар ұшырасады. Онсыз
өмірдің өзі де өлімтікпен тең, сұр көлеңке болар еді. Күрес пен күлкі,
қайғы мен шаттық, алыс пен жақын, жеңіс пен жетіліс болмаса, бұл
шіркіннің өзі де тоңған мұз, ұйыған айран емес пе? Әңгіме таудай
қиындықты тымақтай сілетін заман жасауда ғой. Жасаймыз да ондай
заманды!
– Иә, адам баласы болуға не жетеді дейсің: не көрмейсің, не
білмейсің, істегің келсе, не істемейсің. Тек істемесең ғана еш нәрсе
қызықтырмайды, не қинамайды, не қуандырмайды. Қуаныш-
шаттыққа да бейжай, шақырылмаған қонақтай ығысып қарап,
орныңда таба алмай, кездескен бұтаққа іліге кетесің.
(Ғ.Мүсірепов «Адамның анасы»)
156-жаттығу. Көп нүкте қойылған сөйлемдерді қатыстыра отырып
мамандығыңызға байланысты шағын әңгіме жазыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: