108
Жаннатсың, бар сырыңа иланамын.
Көз екеу болғанменен, тілім біреу,
Барыңды жеткізе алмай қиналамын.
Кербез төр қарай берсем ғажабыңа,
Ақбет тау қыздай екен ажары да.
Аққұба
Қаныш маңдай шың көрінді,
Ақ шағыл тастар тартып назарына.
Лүпілі жүрегімнің басылмады,
Жер мен көк,
су мен сәуле жасыл бәрі,
Жарқырап үнсіз жатыр Жасыбай көл,
Қаныштай күлім қаққан жасындағы.
Бірлікті
бар қазаққа ырымдаған,
Көрінді мінсіз таза ғұмыр маған.
Ағаш та, су да, тау да
Айтып жатты,
Балдырған бала Қаныш сырын маған.
(К.Салықов)
Достарыңызбен бөлісу: